Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Бюджет қаржысы тиімді жұмсалуда

0 180

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бюджет қаржысы шектеулі кезде бақылауды күшейтудің арқасында шығынды көбейтпей ұстап тұру қажеттігін айтқан болатын.

Бюджеттің әр тиынының сұрауы бар. Мониторинг жұмысын жолға қойып, бақылауды күшейту одан бөлек, процестердің ашықтығын қамтамасыз ету мен бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін жауапкершілікте болатыны, тапсырмалардың орындалу сапасы, осал тұстарды анықтау және түйткілдерін шешу тетіктері тұрғысынан егжей-тегжейлі талдау қажеттігі әрдайым ескертілуде.
Қаржы қорын қалыптастырумен және пайдаланыммен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс істеуі ерекше экономикалық нысандар бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Бюджет кірістерінің көзі – салықтық, салықтық емес түсімдер және трансферттер түсімдері. Осыған байланысты қала бюджетінің ағымдағы жылдың тоғыз айында кіріс бөлігіне 61 415,7 миллион теңге түсім түсіп, бекітілген түсімдер жоспарына сәйкес жоғары тұрған бюджеттен қайтарымсыз трансферттер есебінен 16 985,1 миллион теңге түсім қалыптасқан. Атап айтқанда,
• ағымдағы нысаналы трансферттер – 1 005,2 миллион теңге,
• нысаналы даму трансферттері – 10 084,1 миллион теңге,
• субвенция – 5 895,8 миллион теңге трансферттер бөлінген.
Салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша (трансферттерді қоспағанда) орындалғаны 44 430,7 миллион теңге, немесе 102,1 пайызын құрап, жоспардан 931,6 миллион теңгеге артық орындалды.
Оның ішінде:
Салықтық түсімдер 105,0 пайызды құрап, бюджетке түскені – 31 476,6 теңге, яғни 1507,8 миллион теңге артық орындалған,
Салықтан тыс түсімдер – 109,8 пайыз, бюджетке түскені – 657,6 миллион теңге немесе 58,4 миллион теңге артық орындалған.
Бұл нәтиже 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда жергілікті бюджеттік кірістері 128,6 пайыздық өсіммен, 9 874,9 миллион теңгеге артық орындалғанын көрсетті. Сондай-ақ Тараз қаласы бюджетінің шығыс бөлігінің 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысымен 67 597,4 миллион теңгесі игеріліп, 96,5 пайызын құраған. Ал республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен іске асырылатын бағдарламалары бойынша жоспардағы 5 471,2 миллион теңге игерілген.
Облыстық бюджеттен берілген трансферттер есебінен – 11 944,3 миллион, қала бюджеті есебінен 67 597,4 миллион теңге игерілді.
Есептік кезеңде шығыстар есебінен инженерлік-инфрақұрылымдық, тұрғын үй құрылысы, жолдарға күрделі жөндеу, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Тараз қаласы әкімдігінің «Бюджет шығыстарының басым бағыттары бойынша төлемдерді жүргізу туралы» қаулысына сәйкес, жалақы, салықтар, және әлеуметтік төлемдер бойынша, сондай-ақ трансферт есебінен іске асырылатын шығындардың бірінші кезекте төленуі әрдайым қатаң бақылауда болды.
Шығындар азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғауды нығайтуға бағытталады. Бюджеттік бағдарламалардың түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу және бюджет қаражатын уақытылы игеру әрдайым өзекті болып қала береді.
Қала бюджетінен қаржыландырылатын бағдарламалардың орындалуына және бюджет қаражатының игерілмеу себептеріне сапалы талдау жүргізуге, жыл ішінде бюджеттің біркелкі атқарылуын қамтамасыз етуге, даму бюджетін іске асыру және қаланың даму жоспарының іс-шаралары мен нысаналы индикаторларын уақытылы орындау басты назарда болды.
Осыған орай бюджет қаражатының сапалы игерілуі ай сайын тұрақты қаралады және тиісті тапсырмалар да беріледі. Қала әкімдігі тарапынан бюджет қаржысының тиімді жоспарлануына, пайдаланылуына қатысты қатаң талап қойылып, қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету қала әкімдігінің қатаң бақылауында.

Тараз қаласы әкімдігінің
қаржы бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.