Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бурыл ауылына баратын жол жөндеуден өтуде

0 346
Байзақ ауданы облыс орталығына жақын орналасқандықтан ауыл халқының көпшілігі күнделікті Тараз қаласына қатынап жұмыс жасайды. Таңсәріден қалаға ағылатын байзақтықтар жөндеу көрмеген жолдың жайын айтып, атқарушы билікке талай мәрте қайырылған болатын. Биыл сәтін салып, Мәмбет батыр көшесінің айналымынан Тараз қаласы шекарасына дейін (Бурыл ауылы бағыты) және Жамбыл даңғылынан шаһар шекарасына дейін (Апатаев көшесімен Сарыкемер бағыты) орташа жол жөндеу жұмыстары жүретін болады.
Бүгінгі күнге Бурыл ауылы бағытындағы жол жөндеу жұмыстары басталды. Ұзындығы 1 шақырым 800 метрді құрайтын жолды «Рауан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «СК РИЗАЛИТ» ЖШС.
Қазір құрылыс басында онға жуық техника мен жиырмаға жуық жұмысшы жол негіздемесін дайындауда.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.