Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бразилияда дәрігерлер бас сүйектері жабысып туған сиам егіздерін сәтті ажыратты

0 352

Бразилияда дәрігерлер ота арқылы бас сүйектері жабысып туған сиам егіздерін сәтті ажыратты. Мұндай егіздерді «краниопаг» деп те атайды. Ал ота кезінде вируталдық шындық технологиясы кеңінен қолданылды, деп хабарлайды Stan.kz

Үш жасар Бернардо мен Артур Лимаға ота Рио-де-Жанейрода, лондондық Рейт-Ормонд балалар ауруханасы дәрігерлерінің басшылығымен жасалған. Дәрігерлер балаларды қауіпсіз ажыратудың қауіпсіз жолдарын іздестіріп, бір айдан астам уақыт дайындалған. Сонымен қатар балалар анатомиясының компьютерлік томография мен магнитті-резонансты томография арқылы жасалған виртуалды нұсқасы негізінде гипотезаларды тексерген.

Хирург Нур уль Овасе Джилани отаны «ғарыштық дәуірдің жемісі» деп атады. Сөзінше, әр елде болған дәрігерлер алғаш рет «виртуалды шындық бөлмесінде» бірге жұмыс істеген.

Егіздерге барлығы 7 ота жасалды. Соңғысы 27 сағатқа созылып, 100-ден аса дәрігер қатысқан.

Джилани виртуалды шындықтың хирургтарға балалардың өмірін қатерге тікпей-ақ бірнеше рет отаны «тексеруге» мүмкіндік бергенін қосып өтті. Хирургтың өзі 27 сағатқа созылған ота кезінде тек тамақтану үшін 15 минуттық 4 үзіліске шыққан.

Бернардо мен Артура ажыратылған соң артериялық қысымдары бірден жоғарылап кеткен. Дәрігерлер мұндай жағдай барлық сиам егіздерінде болатынын айтады. Төрт күннен кейін олар бір палатаға жатқызылып, бір-бірінің қолынан ұстауға мүмкіндік берген. Тек осыдан кейін ғана қысым қалпына келіпті.

егіздер

Егіздер қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Алдағы уақытта олар 6 айлық сауығу кезеңінен өтеді.

Дәрігер Джилани Gemini Untwined (Егіздерді ажырату) клиникасының негізін қалап, Пәкістан, Судан, Израиль және Түркияда егіздерді ажырату бойынша ота жасаған.

Отаға Джиланимен бірге Рио-де Жанейродағы Пауль Нимейера атындағы нейрохирургия институты балалар хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Габриэль Муфарреж де қатысқан.

Егіздерді институтқа ата-анасы екі жарым жыл бұрын алып келген. Осы уақыт аралығында олар бақылауда болған.

Статистика бойынша сиам егіздері әр 50-60 мың жағдайда бір рет дүниеге келеді. Ал олардың тек 5%-ы ғана краниопаг болады екен.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.