Қалалық қоғамдық-саяси газет

Боздақтар рухына тағзым

0 406

Кеңес дәуірі тарихының ең қаралы беттерінің бірі – Ауған соғысы. Отан алдындағы борышын адал атқарған әрі болашағына сенген жас ұрпақ осы қан майданның құрбанына айналды. Көптеген жастарымыз жат елде жан тапсырып, мыңдаған қандасымыз оқ пен оттың ортасынан жарақатпен оралды. Жақындарын сұрапыл соғысқа аттандырған отандастарымыздың да, қанды қырғынның ортасынан оралған сарбаздардың да жүрегінде Ауғанстан мәңгілік жара болып қалды.

Бейбітшілік жолында қазақ әскері де көзсіз батыр- лығымен көзге түскен еді. Олардың да біразы өзге елде өжеттілікпен өмірлерін қиды. Әрине, жарқын болашақ үшін жан берген батырлардың ерлігі бүгінде ұрпақ жадында ұмытылмауы тиіс ұлағатпен тең.
Биыл осы алапат майданның аяқталғанына 35 жыл толып отыр. Осы бір он жылға созылған қанды қырғынға Қазақстаннан 22 мың адам қатысса, оның 2 мыңнан астамы әулиеаталықтар. Сондықтан бұл баршамыз үшін айтулы күн. Осыған орай, кеше ардагерлер, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері «Жеңіс» саябағындағы Ауған соғысы ардагерлеріне арналған екерткішке гүл шоқтарын қойып, боздақтар рухына тағзым етті.

Бинура ЖАҚЫПБАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.