Д .А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Book & Art» жобасының ашылуына орай мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында Тараз қаласы «Нұрәлім» мектеп гимназиясының оқушылары қатыса отыра «Өнер – өмір айнасы» және «Науқас кітап» атты көріністер көрсетіп, өлең тақпақтарын айтты. Сондай-ақ күй тартылып ән мен билер орындалды.
Кітапхана қызметкері – Әбдірахманова Ақнұр «Балаларға базарлық» атты көрмесіне шолу жасап, балалардың кітапқа деген қызығушылығын тудыратын қазақ ертегілері мен танымдық энциклопедияларды оқырмандар назарына ұсынды.