Қалалық қоғамдық-саяси газет

Болгарияда автобус апатқа ұшырап, 45 адам қаза тапты

0 193

Болгарияда автобус апатқа ұшырап 45 адам, оның ішінде 12 бала қаза тапты, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 03.00 шамасында (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 07.00) София-Благоевград тас жолының 31-ші шақырымында болды. Жол апаты салдарынан 52 адам отырған автобус өртеніп кеткен.

Қаза тапқандар арасында автобус жүргізушісі де бар. Жеті адам, оның ішінде екі әйел мен бес ер адам аман қалды.

Жергілікті өрт сөндіру бөлімінің бастығының айтуынша, өрт келеңсіз соқиға салдарынан болған. Аман қалғандардың барлығы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Еске салайық, тамыз айында Нигерияда автобустың соқтығысуы салдарынан 20-дан астам адам қаза тапқан болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.