Қалалық қоғамдық-саяси газет

Болашақ заңгерлерге дәріс оқыды

0 204

Болашақ заңгерлер үшін сот жүйесін жетік білу маңызды.Болашақ заңгерлер үшін сот жүйесін жетік білу маңызды.

Толғанай АТАБАЙ

Осы мақсатта облыстық соттың өкілдері «Заң» факультетінің студенттеріне судьялар мен кеңсе қызметкерлері жұмысының маңыздылығы мен күрделілігі, облыс соттарының республика дәрежесіндегі жетістіктерін жете таныстырды.

Кездесу барысында студенттерді облыстық соттың төрағасы Рүстем Мырзакәрім Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін іске асыру барысынан ақпараттандырды. Сондай-ақ студенттерге қолданыстағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік заңнамаларының ерешеліктері, сот жүйесіндегі енгізген заманауи технологиялар туралы жаңалықтарымен бөліссе, облыстық соттың судьялары Гүлнара Асылбек пен Динара Нұрлыбаева бітімгершілік рәсімдерді қолдану және «Отбасылық сот» пилоттық жобасының өзекті мәселелерін ортаға салды. Келелі кездесуде билер кеңесінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың, сондай-ақ облыс әкімдігі жанында жұмыс істейтін «Бастау» жұмыс тобының қызметі де айтылды.

– Ағымдағы жылдың ақпан айында облыс басшысының қолдауымен «Бастау» жұмыс тобы өз қызметіне кірісті. Ондағы мақсат – ыдырағалы тұрған отбасын сақтап қалып, жұптардың жарасып кетуіне ықпал ету. Сол арқылы жұбайларға дұрыс жол сілтеп, кеңестерін береді. Тіпті жұмыссыз жұптардың екі қолға бір күрек табуына, жас аналардың арнаулы білім алуына, қысқа мерзімді оқуларды игеруіне ықпал етіп, мүмкіндік жасайды, – дейді облыстық сот төрағасы Р.Мырзакәрім.

Мұнымен қоса студенттер «Түнгі сот» пилоттық жобасының мақсаты мен міндеттері туралы да мәліметке қанықты. Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Берік Оразымбетов жоба аясында түнгі режимде 400-ден астам әкімшілік іс қаралғандығын айтты.
Өзге де спикерлер студенттерге сот жүйесіндегі «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі, «Төрелік» ақпараттық жүйесі, Smart соттың және «True Conf» мобильдік қосымшасының жұмыс тәртібін көрсетті.

Дәріс соңында болашақ заңгерлер азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот процестерін аралап, сот отырысының залдарына экскурсия жасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.