Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Болашақ» стипендиясына 28 жыл: Түлектер Қазақстанға қандай пайда әкелді

0 213

Биыл «Болашақ» халықаралық стипендиясының құрылғанына 28 жыл толды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі kz.news сайтына сілтеме жасап.

Бағдарлама жас қазақстандықтарға өздерін түрлі бағыттарда жетілдіруге, шетелде орасан зор тәжірибе алуға және елге түрлі дағды-қабілеттермен оралуына мүмкіндік берді.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрбозова ҚазАқпарат агенттігіне стипендияның негізгі нәтижелері туралы сұхбат берді. «Биыл еліміз үшін тарихи жыл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Болашақ» бағдарламасының 28 жылдығын атап өтеміз. Бұл стипендия мені қоса алғанда, мыңдаған қазақстандықтарға жол ашты. Мен де «Болашақ» бағдарламасының түлегімін. Бұл бағдарлама бірегей әлеуметтік лифтке айналды. Расында да бұл барлық түлектер үшін жай ғана қатардағы емес, әлемнің ең үздік оқу орындарында сапалы білім алудың жалғыз мүмкіндігі болды. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығында дамудың барлық бағыттары бойынша сапа мен нәтиже байқалады деп ойлаймын. Барлық бағалау өлшемдері бойынша бұл халықаралық бағдарлама өзінің бірегейлігін көрсетті деп ойлаймын», — дейді Айнұр Кәрбозова. Оның айтуынша, бағдарлама түлектерінің барлық бағыттары мен қосқан үлес деңгейін зерттесе, жүргізілген жұмыс пен нәтижелер оларға салынған инвестициялардың қайтарымды болғанын, болашақтықтардың экономиканың негізгі секторларын ілгерілетуге қомақты үлес қосқанын сапалы және сандық жағынан дәлелдейді, сол арқылы бағдарламаның тиімді екенін көрсетеді. «Стипендия Кеңес Одағы ыдырап, Тәуелсіздік алғаннан кейін зейнетақы мен жалақыны төлеуге қаражат болмаған кездері, ел үшін ең күрделі жылдары тағайындалды. Осындай жағдайда стипендияның бастамашысы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында әлемнің жетекші елдеріне жиі барды. Әрине, мұндай стипендиялық бағдарлама идеясы ел жастарына жай оқып қана қоймай, экономиканы дамыту үшін оралады деген үмітпен туындайды. Бұл үміт өзін ақтады. Түлектер «Болашақ» бағдарламасы аясында халықтың, мемлекеттің жоғары сенімін ақтады. Тұтастай алғанда, бағдарламаның тұжырымдамасы мен ерекшелігі – «Болашақтың» бір орында тұрмай, үнемі дамып келе жатқаны, барлық әлемдік трендтерге бейімделуі деуге болады. Ол мемлекеттік саясаттың басымдықтарына, елдің еңбек нарығындағы негізгі қажеттіліктерге сәйкес үнемі өзгеріп отырады», — деді спикер. Сондықтан алғашқы 10 жылда бұл бағдарлама мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, халықаралық құқық саласында мамандар даярлауға бағытталған болатын. Оған қоса, бюджеттік шектеулер жағдайында жыл сайын жіберілетін стипендиаттар саны қазіргі жағдаймен салыстырғанда шектеулі болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елді басқаруға қажетті мамандықтар бойынша 80-90 қазақстандық жас негізінен Франция, Бельгия, Голландия, Дания, Ұлыбритания сияқты Еуропа елдеріне оқуға жіберілді. 2005 жылы әлеуметтік-экономикалық жағдай жақсарып, тікелей шетелдік инвестициялар келгендіктен, оқуға жіберілетін стипендиаттардың жыл сайынғы санын 3 мыңға дейін ұлғайту бойынша Елбасының екінші маңызды шешімі қабылданды. Осы мақсатты сапалы іске асыру үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан мемлекеттің 100% қатысуымен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ құрылды. «Осы кезеңде 2000 жылдардың басында стипендия тағайындау жаңа сапалы деңгейге өтті. Үкімет қаулысымен іріктеудің жаңа ережелері бекітіледі, денсаулық сақтау, медицина, инженерлік-техникалық кадрлар жүйесіне маман әзірлеуге баса мән берілді. Сондай-ақ, «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде бюджеттік әлеуметтік ұйымдардың түрлі санаттарына, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерге, медицина қызметкерлеріне, инженерлік-техникалық бағыттағы, білім және ғылым, медиа, мәдениет және спорт саласының қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2008-2019 жылдары «Болашақ» бағдарламасы аясында басымдықтары бар жеті санат бойынша бюджеттік әлеуметтік салалардың 3 600-ден астам қызметкері оқыды. Оларға академиялық оқуға дейін алдын ала тілдік курс тағайындалды және көпшілігі елге бағдарлама түлектерімен бірге оралып, елдің дамуына өз үлестерін қосты», — деп атап өтті ХБО президенті. Бүкіл әлемді құрсаулаған пандемиядағы белгісіздік жағдайында да «Болашақ» бағдарламасы жаңа сын-тегеуріндерге, әлемдегі білім беру қызметтерін дамыту трендтеріне бейімделді. 2020 жылы 6 мамырда Үкіметтің қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа қағидалары бекітілді, ол бағдарламаның сапалы өзгерістері үшін құқықтық негіз жасады. Осылайша 2020 жылдан бастап үміткерлерге қойылатын негізгі талап біршама өзгерді: енді талапкер ұсынылған университеттер тізімінен қажетті мамандық бойынша өз бетінше түсуі керек. «Бұл шара арқылы Президент Әкімшілігі конкурстық іріктеу кезеңінде барлық мүмкіндіктерді теңестірді», — деп атап өтті Айнұр Кәрбозова. Сондай-ақ, ХБО президенті пандемия жағдайындағы толық автоматтандыруды да маңызды өзгерістердің бірі деп атады. «Өткен жылы Президент Әкімшілігі жаңа іріктеу аясында президенттік кадрлық резервке іріктеу үлгісі бойынша автоматтандыру, қабылдау және іріктеу міндетін қойды. Сондықтан 2020 жылдан бастап барлық үміткерлер құжаттарды тек электрондық үкімет порталы арқылы тапсырады, іріктеудің алты ұзақ турымен салыстырғанда жаңа ережелер бойынша тек үш қысқартылған турынан өтеді. Ал үшеуінің ішінен іріктеудің екі кезеңі онлайн режимде өтеді. Құжат талаптарына сәйкес, рұқсаттама алған үміткер бірегей сәйкестендіру кодын алады. Осы кодпен ол арнайы іріктеу порталындағы жеке кабинетін ашады және онлайн режимде екі турдан өтеді: кешенді тестілеу және тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен сұхбат», — деп түсіндірді Айнұр Кәрібозова. Кешенді тестілеу және әңгімелесу барысы толығымен аудио-видеоға тіркеледі. Бұл іріктеу турларының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету үшін жасалған. Егер үміткер өз нәтижесіне күмән келтірсе және әділетсіз өтті деп санаса, Халықаралық бағдарламалар орталығына жүгініп, іріктеу турларының аудио-бейне жазбасын ала алады. Сонымен қатар, кешенді тестілеуде академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін прокторинг жүйесі қолданылады. «Біріншіден, үміткер іріктеудің барлық турларына жеке деректерімен емес, берілген сәйкестендіру кодымен қатысады. Сұхбат барысында да үміткер реттік нөмірлер берілген тәуелсіз сараптама комиссиясының алдына шығады. Комиссия мүшелері де, үміткерлер де бір-бірін атымен, тегімен, әкесінің атымен атай алмайды. Мұндай шара қандай да бір үміткерге қатысты тәуелсіз сараптамалық комиссия мүшелері қабылдаған шешімнің объективтілігін, ашықтығын, әділдігін қамтамасыз ету үшін, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін қабылданды», — деп атап өтті Айнұр Кәрібозова. Сонымен бірге, үміткерлерге қойылатын мемлекеттік тілді білу талаптары да арта түскен. 2020 жылдан бастап жаңа іріктеу ережелері бойынша талап етілетін құжаттар пакетінде шақыру хатымен қатар В1 деңгейінен кем түспейтін мемлекеттік тілді білу сертификаты болуы қажет. Яғни, тесттегі 150 сұрақтың кем дегенде 105 жауабы дұрыс болуы қажет. «Кез келген ықтимал стипендиат бағдарламаның барлық нормативтік-құқықтық құжаттарын қарастыра бастауы тиіс. Мұнда екі маңызды пререквизит бар, оның біріншісі – Білім және ғылым министрлігі жыл сайын жариялайтын басым мамандықтар тізбесі. Олар уәкілетті органның, яғни Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек нарығындағы нақты қажеттіліктер болжамын ескере отырып түзіледі», — деп түсіндірді ол. Екінші маңызды пререквизит – жоғары оқу орындарының тізімі. Биыл алғаш рет ЖОО тізімі үш жылға бекітілді. 2021-2023 жылдарға арналған бұл тізім әлемнің 27 еліндегі 207 жоғары оқу орнынан және Білім және ғылым министрлігі басшылыққа алған екі критерийден тұрады. Бірінші маңызды критерий – барлық жоғары оқу орындарының QS, Times Higher Education, Academic Ranking of the World Universities сияқты үш жетекші академиялық рейтингтің ТОП-250 қатарына кіруі. Тағы бір маңызды критерий – басым мамандықтар тізіміне енген бағыттар бойынша маман даярлауда аталған ЖОО-лардың көшбасшы болуы. Мұнда инновация және жаңа технологиялар, индустриялық инжиниринг және әрине, «Болашақ» бағдарламасының Білім беру және денсаулық сақтау бағыттары тізімінде екінші жыл қатарынан тұрған мамандықтар бар. Осы екі бағыт бойынша бейінді денсаулық сақтау министрлігі «Болашақ» бағдарламасы аясында вирусология, иммунология, реабилитология, жұқпалы аурулар және хирургияның барлық түрлері мамандықтары бойынша даярлауға жауап береді. Ал Білім министрлігі инклюзивті білім беру, қашықтан білім беру әдіснамасы, ЖОО басқарудың стратегиялық менеджменті, педагогика, психология сияқты мамандықтарға басымдық береді. Сондай-ақ, 2021 жылғы басым мамандықтар тізімінде жаратылыстану ғылымдары және өнер мен шығармашылық саласындағы мамандықтарды біріктіретін жаңа бағыт – креативті индустрия енгізілді. Бұл жетінші бағыт БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған креативті индустриялар жылы аясында енгізілді және осы бағыттың басымдығы нәтижесінде Мемлекет басшысы оны дамыту жөнінде міндет қойды. «Осы тапсырманы орындау үшін Премьер-Министр кеңсесі жанынан жобалық кеңсе құрылып, оны «Болашақ» бағдарламасының түлегі басқарды. Бұл бағыт арт-менеджмент, продюсерлік, музыкалық, вокалдық іс, театр өнері, режиссура сияқты мамандықтарды қамтитын «Болашақ» бағдарламасындағы басым бағыттар қатарынан көрініс тапқан. Көріп отырғандарыңыздай, «Болашақ» стипендиясын барлық қазақстандықтарға қолжетімді етіп, іріктеу мен қабылдауды әділ жүргізіп, сол арқылы қазақстандықтардың стипендияға сенім деңгейін арттыру үшін жасалған барлық өзгерістер барлық сын-қатерлерге сай келеді. Екінші жыл қатарынан пандемия жағдайында «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен бірлесіп үлкен жұмыс жүргізудеміз», — деп түсіндірді А. Кәрбозова. Сұхбат барысында Айнұр Кәрбозова 28 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылады және Тәуелсіз Қазақстанның ең сәтті стартапы қандай жетістіктерге жеткенін баяндады. «Жалпы стипендия берілген 28 жыл ішінде мені қоса алғанда, 14 465 қазақстандық әлемнің ең үздік оқу орындарында оқуға және елге оралып, білім мен тәжірибені отанымыздың игілігі үшін пайдалануға мүмкіндік алды. Ал бағдарлама түлектерінің саны – 11 399 адам. Өткен жылы Қазақстан мен бүкіл әлемде ТЖ жарияланған кезде қоғамда бағдарламаның тиімділігі, салынған қаражаттың қаншалықты ақталғаны және вакцина әзірлеуге қатысқандар туралы мәселелер жиі көтерілді. Осы маңызды сұрақтарға жауап беру үшін түрлі кезеңдерде бағдарламаның тиімділігі, түлектердің қосқан үлесі туралы зерттеулер үнемі өткізіліп тұрады. Мұндай зерттеулер 2013, 2015 және 2017 жылдары жүргізілген», — деді Айнұр Кәрбозова. Пандемия жағдайында жиі қойылатын сұрақтарға нақты жауап беру үшін Халықаралық бағдарламалар орталығы өткен жылдың қараша айында зерттеу жүргізген. «Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған денсаулық сақтау, білім беру және цифрландыруға, автоматтандыруға байланысты барлық бағыттарды талдайтын болсақ, 11 399 түлектің 7-8%-ы пулда, 800-ге жуық түлек – медицина саласында оқытылған мамандар. Осы 800 түлектің 545-і –біздің қазақстандық дәрігерлер. Бір жылды зерттеу нысаны ретінде алсақ, «Болашақпен» оқыған 545 дәрігер түрлі деңгейдегі 213 мың операция жасаған. Яғни, бағдарламаның 545 түлегі 213 мың қазақстандықтың өмірін сақтап қалды», — деп атап өтті Айнұр Кәрбозова. Пандемия жағдайындағы екінші басым бағыт – білім беру болды. Білім беру саласында мыңнан астам бағдарлама түлектері білім алды. Оның ішінде зерттеу жүргізу кезінде 842 стипендиат мектеп мұғалімі, жоғары оқу орындарының оқытушысы болып жұмыс істеп жүр. 842 түлек бір жылда 145 мың оқушы мен ЖОО студенттерін оқытады. 11 399 түлек арасында – 150 түлек профессор дәрежесін алған. Олар жылына әлемнің жетекші ғылыми басылымдарында мыңнан астам ғылыми мақалалар, жарияланымдар, зерттеулер жариялап, еліміздің ғылыми әлеуетін көрсетті. Пандемия жағдайында қоғамда жиі қойылатын барлық сұрақтарға нақты жауап беру үшін халықаралық бағдарламалар орталығы өткен жылдың қараша айында зерттеу жүргізді, онда бастапқы нәтижелер пайда болады, тиімділік сұрағына жауап алынады, әр түлектің экономиканың негізгі салаларын ілгерілетуге қосқан үлесі күтіледі. «Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған ең маңызды бағыттарды – Денсаулық сақтау, білім беру және цифрландыруға, автоматтандыруға байланысты барлық бағыттарды талдайтын болсақ, онда 11399 бағдарлама түлектерінің 7-8% – ы пулда, 800-ден сәл аз түлектер-медицина саласында оқытылған мамандар. Осы 800 – ден астам түлектің 545-і-біздің қазақстандық дәрігерлер. Егер бір күнтізбелік жылды зерттеу нысаны ретінде алсақ, болашақтықтар арасынан 545 қазақстандық дәрігер 213 мың түрлі деңгейдегі операцияларды жасады. Яғни, бағдарламаның 545 түлегі 213 мың қазақстандықтың өмірін сақтап қалды», — деп атап өтті спикер. «Бұл 11 мыңнан астам түлектің 50%-дан астамы орта және жоғары деңгейдегі жетекші қызмет атқарады. Яғни, түлектердің жартысынан көбі – қазақстандықтардың өміріне жанама немесе тікелей әсер ететін маңызды шешім қабылдайтын басшылар. Мыңнан астам түлек немесе 10% — өз кәсіпорындарын ашқан. Яғни, олар шағын және орта бизнесті ілгерілетуге белсенді қатысып отыр. Жалпы, бұл сандық және сапалық мысалдар, қарапайым арифметиканы қолданғанның өзінде, салынған қаражаттың ақталатынын және түлектердің барлық ұлттық, республикалық жобаларға қатысуы жобаның табысты болғанын көрсетеді», — деді Айнұр Кәрбозова.

Айжан Серікжанқызы. ҚазАқпарат

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.