Қалалық қоғамдық-саяси газет

Bloomberg: Пандемияға дейінгі өмірге алты айдан кейін оралуымыз мүмкін

0 426

  Алты айдан кейін коронавирус індетін жеңіп, қалыпты өмірге қайта оралуымыз мүмкін,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

 Алты айдан кейін коронавирусты жеңіп, қалыпты өмірге оралуымыз бек мүмкін. Bloomberg агенттігінің сарапшылары осылай дейді. Олардың айтуынша, қазір әлемде 6 миллиардқа таяу доза салынған. Орта есеппен күніне 33 миллион егіледі. Осылайша, бүгінде әлем халқының 39%-і вакцина алды.

Егер осы қарқыннан таймасақ, жарты жылдан кейін екпе салдырғандар саны 75%-ке жетуге тиіс. Алайда вакциналау науқаны барлық жерде бірдей емес. Бай мемлекеттерде кедей елдерге қарағанда 20 есе жылдам жүріп жатыр. Мәселен, Испанияда халықтың 77%-і екпенің екі дозасын да алса, Конго мен Йеменде олардың үлесі 0,1%-ке де жетпейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.