Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бизнестің жол картасы» – береке бастауы

0 278

Қазақстанда шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында жыл сайын түрлі шаралар ұйымдастырылып, бағдарламалар жасалады. Мәселен, шағын және орта бизнес қайтарымсыз грант алуға болады. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы – 2025».

Қордай ауданында 2021 жылдың қортындысына сәйкес «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы бойынша жалпы соммасы 6251,5 млн.теңгеге 61 жоба қолдау алды. Оның ішінде:

  1. Несиенің пайыздық    ставкасын    субсидиялау  бойынша  30 жоба жалпы соммасы 5937,4,0 млн.теңгеге субсидияланды. Олар: «Vista International» 5500,0 млн. теңге, «Қордай сүт өнімдері» ЖШС-і айналым қаражатын толықтыру мақсатында 206,7 млн. теңге, «GR-Agro» ЖШС-і айналым қаражатын толықтыру үшін 100,0 млн. теңге, жеке кәсіпкер «Ибрайкулова» жихаз цехының айналым қаражатын толықтыру үшін 45,0 млн. теңге, жеке кәсіпкер «Акнұр» кондитерлік өнімдер цехына айналым қаражатына 7,0 млн. теңге, «Нурсила» балабақша 71,5 млн.теңге, «Нур Ел» ЖШС-і бала бақшаны кеңейту мақсатында 29,0 млн. теңге, «Даурен-Ай» шаруа қожалығы мал шаруашылығын ұлғайту мақсатында 50,0 млн. теңге, сонымен қатар банк кредиттеріне субсидиялау құралы бойынша скоринг айналымдағы қаражатты толықтыруға кепілсіз 5 млн. теңгеге дейін жалпы соммасы 63,2 млн.теңгеге 15 жобаға несие берілді.
  2. Банк кредиттеріне кепілдік беру құралы бойынша жалпы сомасы 311,1 млн.теңгеге 30 жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тарапынан кепілдік берілді. Оның ішінде: «Қордай Корм» Өндірістік кооператив 100,0 млн. теңге, «Монтажник» ЖШС-і 76,0 млн. теңге, «Қордай сүт өнімдері» ЖШС-і 26,5 млн. теңге, «GR-Agro» ЖШС-і 100,0 млн. теңге, жеке кәсіпкер «Ибрайкулова» 45,0 млн. теңге, «Даурен-Ай» ШҚ 50,0 млн. теңге, сонымен қатар банк кредиттеріне кепілдендіру құралы бойынша скоринг – айналымдағы қаражатты толықтыруға кепілсіз 5 млн. теңгеге дейін жалпы соммасы 95,7 млн.теңгеге 20 жобаға несие берілді.

         Сонымен қатар ағымдағы жылы Бетқайнар ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер «Арслан» ұсақ мал шаруашылығын өсіру мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша екінші деңгейлі банк (Халық банк) арқылы 20,0 млн. теңгеге несиесін алды.

  1. Гранттық қаржыландыру бойынша: «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті кеңейту мен дамыту бағдарламасы аясында гранттық қаржыландыру тетігі бойынша ауданнан 29 жасқа дейін 5 жеке кәсіпкер қатысты. Нәтижесінде жеке кәсіпкер «Хожагаевич» (Рзаев А) гидропоника арқылы өнім өсіру үшін 3,0 млн.теңгеге қолдау алды.

Облыс бойынша жоғарыда аталған бағдарлама арқылы гранттық қаржыландырумен  4 жоба жалпы соммасы 21,5 млн. теңгеге қарастырылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.