«Біздің тазалықшылар вирустың қайда тұрғанын біледі»: Уәлибек Әбдірайымов коронавирус туралы әзіл айтты
Уәлибек Әбдірайымовтың әзілі көпшілікті күлкіге қарық қылды. Әзілкеш бұл жолы коронавирус туралы әзілдеді. Желі қолданушылары мұны астарлы әзіл деп бағалады.
Уәлибек Әбдірайымов көпшілікті әзілімен күлкіге қарық қылды.
“Бізде коронавирус алғаш басталған уақытта жаппай дезинфекция жасады. Біз ғана емес, бүкілел дезинфекция жасап, аурудың алдын алуға тырысты. Жапонияны, басқа да елдерде қарасаң, олардың дезинфекциясынан соң дала көрінбей, тұншыға жаздайсың. Дезинфекцияны аямайды. Ал біздің елде қалай. Әр жерде тазалаушы бір бала жүреді. Оның қолына ұстаған затын әрбір жерге тамызады. Анда бір, мында бір шашады. Неге дейсіздер ме? Біздің балалар вирустың қайда тұрғанын біледі. Сол үшіндәл вирус тұрған жерлерге ғана шашады. Себебі біздің балалардың көзі ерекше көреді. Олар көзге көрінбейтін вирустың өзін тауып қояды”, – деп әзілдеді.
Көрермен күлкіге қарық болды. Желі қолданушылары мұның әзіл емес, шынайы оқиға екенін айтып жатыр.
“Бұл әзіл емес қой, әзіл деген өтірік нәрсе, бұл кісі шындықты айтып жатыр”, “Күлкіден ішім жарылды”, “Бұның артында тағы да салғырттық жатыр ма, үнемдеу ме?”, “Біздің елдегілер шетелдіктерден де жақсы біліп тұр ғой”, “Мен де соны түсінбеймін, неге олай?”, “Бізді адам өмірі бірінші орында емес”, “Тазалыққа бірініш мән беру керек қой”, – деп жазды олар.
Әзілкеш әрдайым қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосып келеді. Мұны бірде әзілмен жеткізуге тырысады. Желіде азаматтық көзқарасын ашық жазады.
Бұған дейін актер Берлиндегі Рейхстагқа арнайы барып, шенеунікке сәлем жолдады. Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев еліміздегі орыс тілі мәселесіне қатысты сұхбат берген еді. Ол орыс тіліне деген қысым емес, сұраныс көп деп кесіп айтты. Ал дауға айналған тақырып жабайы ұлтшылдық көрінісі деген пікірін қосты. Бұл сөз қоғам белсенділерінің шымбайына тиіп кеткенкөрінеді. Актер Уәлибек Әбдірайымов арнайы Германияға барып, Рейхстагта видео түсіріп жариялады.