Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бізді Дубайда ұстап алды»: Ерке Есмахан өзінен 9 жас кіші сүйіктісін қалай жасырғанын айтып берді

0 461

   Ерке Есмахан мен Азамат Зенкаев ұзақ уақыт бойы қарым-қатынасын көпшіліктен жасырып келген. Елде фанаттарының көзіне түспей жүргенімен, олардың Дубайға сапары кезінде шындықтың беті ашылыпты. Ерке мен AZ-дің шетелде бірге демалып жатқанын көрген отандастары олардың видеосын желіде таратып жіберген. Бұл туралы Ерке Есмахан журналистерге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Paparazzi» бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі. Біршама уақыт бойы көңіл жарастырып жүргенін көпшіліктен жасырып келген Ерке мен Азамат Зенкаев жанкүйерлеріне қалай «ұсталып» қалғанын айтып берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Еркенің айтуынша, олар Дубай қаласына қыдырып барып, сонда бірге жүрген жерінен отандастары видеоға түсіріп алған. Артынша, бұл видео әлеуметтік желіде кеңінен таратып, олардың қарым-қатынасы елге жария болған. Дәл осы уақытта Ерке хейтерлер тарапынан сынға ұшырап, AZ-дің фанаттары жағымсыз пікірлерін жаудыра бастаған. Еркенің айтуынша, бұл кезең ол үшін оңайға соқпаған.

«Біз енді кездесе бастағанда, «бірге көрмесе болды ғой, елден жасыра аламыз» деп жүрдік. Екі айдан кейін Алматыда тыныш жүре алмаймыз деп, Дубайға кеттік. Бірінші Дубайда ұстап алды, суреттер, видеолар шығып кетті. Блогерлер де жазып кетті. Сөйтіп біздің тығылғанымыз екі-ақ айға жетті. Сол кезде фанаттардың сөздерін, жазғанын оқыдым. Азаматтан «неге бұлай болып жатыр, еш жамандық істеген жоқпын ғой. Қалай күрессем болады, не істесем болады?!», – деп сұрадым.

Сонда Азамат: «Сен ешкімге түсіндіруге міндетті емессің. Сен менің қасымдасың, екеуіміз біргеміз. Ондай пікірлер, ондай әңгімелер болады да, бола береді де. Бастысы – екеуіміздің таңдауымыз, қалған хейт, анау-мынау сөздер – өтпелі», – деп жауап берді», – дейді Ерке Есмахан. Айта кету керек, жуырда Азамат Зенкаев қалың көпшілікке «Ту» деп аталатын жаңа туындысын ұсынды. Аталғн бйнебаянда басты рөлді Ерке Есмахан ойнады. Азаматтың айтуынша, бұл рөлді ол Еркеден баста ешкімге ұсына алмаған. Себебі, оны сүйіктісінен артық ешкім ойнай алмасы анық, деп есептейді әнші.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.