Қалалық қоғамдық-саяси газет

Біз бақытты баламыз!

0 316

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Тараз қаласы білім бөлімінің «Бақытты болашақ» оқушылар сарайының ұйымдастыруымен Т. Рысқұлов орталық саябағында «Біз бақытты баламыз!» атты ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.

«Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін қалыптастыру, балалардың өнерге деген қызығушылығын дамыту, бір- бірін сыйлауға, өзін жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу және балаларды мерекелерімен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды мақсат тұтқан шараға Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, ұстаздар, ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалар, Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері – барлығы 2000-нан астам адам қатысты.
Шара барысында ертегі кейіпкерлері – үлкен қуыршақтар Лол, Кити, Клоун, Соник, Тышқан, «TikTok», «Youtube» сынды ғаламтор желісінің платформалары және Күн мен Қарақшы балалармен саяхатқа шығып, қызықты ойындар ойнады. Сонымен қатар мерекелік бағдарламада «Жас Дәурен» үлгілі балалар хореографиялық ансамблінің, «Камертон» эстрадалық вокал студиясының, «Риверданс» спорттық балдық би студиясының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті.
Шара соңында балаларға балмұздақтар таратылды.

Айсұлу Садуақас,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Конвергенттік журналистика» мамандығының
3-курс студенті 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.