Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Жамбылда 1 219 ауыл шаруашылығы техникасы жаңарды

0 1  448

Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 18,8 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінде 16,4 млрд. теңгесі игерілді. Жыл басынан бері саладағы жалпы өнім көлемі 309 млрд. теңгеге жетсе, 226,6 млрд. теңге инвестиция тартылған. Ал мал басы саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 %-ке артып, 4 млн. басты құрапты. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов айтты. Ол биыл 92,6 мың тонна ет өндірілгенін де жеткізді.

Ет экспорты 3,5 есеге артқан. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 29 700 бас қой, 366 сиыр сатып алынған екен.

«Ағымдағы жылы 40 мың гектар жерге су үнемдеу технологиясын енгіздік. Өңірдің ауыл шаруашылық саласына субсидия арқылы 30,8 мың тонна минералды тыңайтқыш қолдануды жоспарласақ, мұны да артығымен орындадық. Одан бөлек, 8 мың тонна тыңайтқышты шаруалар өз қаражатымен алды. Нәтижесінде, 277,8 мың гектар алқапқа тыңайтқыш себілді», – деді спикер.

Нұржан Молдиярұлы биыл 1 219 дана ауыл шаруашылығы техникасы жаңартылғанын да жеткізді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.