Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Таразда 53 тұрғын үй жаңғыртудан өтеді

0 935
Тұрғын үй қорын жаңғырту – халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан мемлекет тұрғын үй қорын дамыту саласындағы реформаға баса мән беріп отыр. Бұл мәселе Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың да айрықша назарында.
Осы мақсатта елімізде тұрғын үй қорын жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Жалпы, бұл жұмыс «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2011 жылдан бері жалғасып келеді.
Айталық, аталған бағдарлама аясында 2011-2023 жылдар аралығында көне шаһар Таразда 484 көппәтерлі тұрғын үй күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Дегенмен, әлі де қаланың тұрғын үй қорындағы 1 438 көппәтерлі үйдің 619-ы күрделі жөндеуді қажет етеді. Соған орай биыл жоспарға сәйкес, 53 тұрғын үй жаңғыртылып, жаңаша кейіпке енбек.
Нәтижесінде, күрделі жөндеуді қажет ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің үлесі 43-тен 39 пайызға дейін төмендейді.
 
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.