Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл Таразда 2 781 түлек мектеп тәмамдайды

0 433

Санаулы күндерден соң оқу жылы аяқталып, балалар мектеппен қоштасады. Биыл Тараздағы 62 мемлекеттік және 22 жекеменшік мектепті 85 369 оқушы аяқтайды. Оның ішінде 9-сыныпты 6 948 оқушы тәмамдаса, 2 781 түлек алтын ұя мектептерімен қоштасады. Сондай-ақ биыл 57 оқушы «Алтын белгі», 131 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанып отыр.

Сонымен қатар мамыр-шілде аралығында мемлекеттік білім беру гранты үшін өткізілетін ҰБТ-ға 2 288 оқушы қатысса, 485 бітіруші белгілі себептермен ҰБТ тапсырмайды.
Оқу жылының аяқталуына орай, биыл барлық мектепте 1-8, 10-сынып оқушылары 24 мамыр күні «Білімім Отаныма» тақырыбындағы Бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. Бұл өткен жылдың қыркүйек айында енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» шеңберінде қабылданған жоспарға сәйкес ұйымдастырылмақ. Тағы бір айта кетерлігі, министрлік тарапынан биылғы түлектерге арналған іс-шараны жоғары мәдениеттілікпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілік деңгейінде өткізу тапсырылған. Осыған байланысты барлық мектеп басшылары мен ата-аналарға талаптар түсіндіріліп, ата-аналар жиналысы өткізілген. Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша мектеп басшыларына дербес жауапкершілік жүктелген. Бұған қоса 24-27 мамыр күндері аралығында білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен ата-аналар комитетінің мүшелері тарапынан арнайы рейд жұмыстары жүргізіледі. Оның алдында мобильдік топ, полиция қызметкерлерімен жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылады.

Құрмаш ҚАПТАҒАЙ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.