Қалалық қоғамдық-саяси газет

Келер жылы Таразда 116 көше мен бұрылыс жөндеуден өтеді

0 538

Тараз қаласының 3 жылдық даму картасында тұрғындар тарапынан жиі көтерілетін маңызды мәселелердің бірі – көше жолдарын жөндеу жұмыстарына басымдық берілген. Осының аясында 2023 жылы 3,2 млрд. теңгеге 116 көше мен бұрылыс орташа жөндеуден өтпек. Бұл туралы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков мәлімдеді.

871,6 миллион теңгеге Саңырақ батыр және Д.Шостакович көшелері қайта жаңғырудан өтеді. «Барысхан» және «Бурыл» тұрғын алқаптарында жол құрылысы басталады. 2024 жылы 3,1 миллиард теңгеге 83 көше мен бұрылысқа орташа жөндеу жүргізіледі. А. Асқаров және Қолбасшы Қойгелді көшелері қайта жаңғыртудан өтеді. 2025 жылы 2,2 миллиард теңгеге 82 көше мен бұрылысқа орташа жөндеу жүргізіледі.  Әл-Фараби және Балуан Шолақ көшелері қайта жаңғыртудан өтеді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы асфальт жолдардың үлесі 61 пайыздан 75 пайызға дейін артады, – деді Бақытжан Әмірбекұлы жиында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.