Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Биыл шаһарда 26 алаңша салынуда

0 146

Балалар ойын алаңшасы – бүлдіршіндердің денсаулығы мен жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайтын ерекше орта. Бұл – тек ойын-сауық орны ғана емес, сонымен қатар балалардың әлеуметтік, физикалық, психологиялық және танымдық қабілеттерін дамытатын маңызды кеңістік.

Алаңшада балалар бір-бірімен араласып, достық қарым-қатынас орнатады, ойын арқылы бірлесіп әрекет етуді, кезек күтуді, түсінісуді үйренеді. Бұл әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына негіз болады.
Осыған орай 2025 жылы мемлекет тарапынан Тараз қаласында 25 балалар ойын алаңшасын салу жоспарланған. Қазіргі таңда бірқатар нысан пайдалануға беріліп, ел игілігіне ұсынылды. Соның ішінде «Талас» және «Қарасу» шағынаудандарында орналасқан ойын алаңшаларының құрылысы толық аяқталды. Заманауи үлгіде жабдықталған алаңдар балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалуына мүмкіндік береді.
Айта кетейік, мемлекеттік жобадан бөлек, 26-шы ойын алаңшасы жеке кәсіпкердің қолдауымен салынды. Бұл да қаладағы әлеуметтік нысандардың көбеюіне және балаларға арналған қолайлы ортаның қалыптасуына ықпал етуде.
Жалпы, жобаның басты мақсаты – балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау және шаһар аумағында әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту.

Еркін САЙЫН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.