Қалалық қоғамдық-саяси газет

Биыл қалада екі шырша жарқырайды

0 843

Санаулы күндерден соң қоян жылымен қоштасып, ұлу жылына қадам басамыз. Бүгінде Тараз қаласында Жаңа жыл мерекесіне дайындық қызу жүруде.

Айталық, биыл мерекеге орай Тараз қаласында екі шыршаның шамы жарқырайды. Бірі ҚР Тұңғыш Президенті саябағына, екіншісі «Көне Тараз» этномәдени кешеніне орнатылмақ. Осы аумақтарда жаңажылдық безендіру жұмыстары жүреді. Бұл ретте мұның барлығы өткен жылы орнатылған шыршалар екенін айта кеткен абзал. Яғни биыл жаңажылдық шырша сатып алынбайды.
Жалпы Жаңа жылды атап өтуге биыл 7 млн 246 мың теңге бөлінген. Оның ішінде шыршаны безендіруге 5 млн теңге, арнайы фотозоналарды өткізуге 2 млн 246 мың теңге қарастырылды. Мәселен, төрт көлемді әріп пен жаңажылдық безендіру дайындауды «Шарипханова Алия» жеке кәсіпкерлігі жүзеге асырады. Жалпы барлық іс-шара халықтың көңіл-күйін көтеруге бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың Жаңа жыл мерекесінде қаламыздағы Бас шырша өртенген болатын. Сондықтан былтыр қала аумағында екі жаңа шырша қойылған еді. Ал биыл өткен жылдан қалған безендіру заттары, арнайы шамдар және жиналмалы шырша құрылымы (постамент) қолда-нылмақ.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.