Жартылай ауыр салмақта WBA Super белбеуінің иегері, ресейлік Дмитрий Бивол өзінің бұрынғы қарсыласы Сауль «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші жекпе-жек туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz. Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Дмитрий алдағы жекпе-жекке қатысты болжам жасамайтынын айтты, алайда қазақстандыққа жанкүйер болатынын жасырмады.
– Кімнің жеңетінін білмеймін. Мен болжам жасауды ұнатпаймын. Бірақ біз GGG-ді қолдаймыз, – деп жауап берді Дмитрий журналистермен онлайн әңгімеде.
Еске сала кетейік, Головкин мен «Канелоның» үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді.