Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірыңғай байланыс орталығы қызмет көрсетуге әзір

0 141

Осыдан 145 жыл бұрын «алло» сөзі жалпыәлемдік қолданысқа енді. Нақтырақ айтқанда, 1877 жылы 15 тамызда кәсіпкер әрі ойлаптапқыш Томас Эдисонның ұсынысымен енгізілді. «Hello» үндеуі орыс тілінде «аллоға» айналып, бүгінге дейін ең танымал телефон сәлемдесуі болып шегеленді.

Ал біздің 1414 Бірыңғай байланыс орталығымызда (ББО) клиенттермен былай амандасады: «Бірыңғай байланыс орталығына қош келдіңіз!».

Онда халыққа мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін кеңес беріледі. Қызметкерлер мойнындағы жүктің салмағы ауыр, күніне олар 50-ден 200-ге дейін клиенттің өтінішін қабылдап, нақты сұрақ бойынша қызмет көрсетеді.

Клиенттер тарапынан туындайтын ең танымал мәселе – төлқұжат пен жеке куәлік беру. Одан кейінгі кезекте жүргізуші куәлігін алу және бала туу бойынша жәрдемақы тағайындау мәселесі тұр.

Сонымен қатар, клиенттерді қызықтыратын ең танымал ТОП-6 мәселеге ЭЦҚ алу, аты-жөнін ауыстыру, некені тіркеу және салық төлеу мәселелері бойынша сұраулар кіреді.

Аңсар Ержан,

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.