Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірнеше аптаға аштық жариялаған Дана Есеева қалай өзгергенін көрсетті

0 718

Дана Есеева босанғаннан кейін дене формасын қалай қалыпқа келтіргенін көрсетті. Ол ағзасын тазалау үшін бірнеше апта бойы аш отырды. Арнайы тазалау курсынан өткен ол мүлдем нәр татпай, препараттар салдырып, соның күшімен жүрді. Ол қалай өзгергенін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева бүгінде бес баланың анасы. Айтуынша, әр балаға жүкті болған сайын ол салмақты артығымен қосып алатын болған. Блогер жуырда дене мүсінін қалыпқа келтіру туралы шешім қабылдаған.

«Босанғанға дейінгі денемді қалыпқа келтірдім. Менде үнемі солай. Жүктілік кезде көп салмақ қосып алып, кейін одан арылуға ұзақ уақытым кетеді. Одан кейін қайта жүкті болып, одан сайын қосамын. Бес баладан кейін ағзама демалыс жариялап, жүктілікке дейінгі қалпыма келу туралы шешім қабылдадым. Жарадым, қолымнан келді. Қорықпаңыздар, арықтау жайлы курс өткізбеймін», – деп қалжыңдады Есеева.

Күйеуі абақтыда жатқанда Дана сырт келбетін қалыпқа келтіруге тыңғылықты түрде кірісті. Ол жуырда шашының түсін өзгертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.