Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бірлестіктердің жұмысы бақылауда болады

0 220

Қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабайдың төрағалығымен қала әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Сәндібек Піренов

Күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова баяндама жасап, қала әкімдігі білім бөліміндегі сондай-ақ жастар ресурстық орталығындағы дін шеңберінде өтетін шаралар жоспарын нақтылады.

–Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінің тарапанына діни бірлестіктердің заң аясында жұмыс істеуі тұрақты зерделеніп отырады. Жұмыс барысында діни мазмұндағы кітаптар мен өзге де заттарды заңсыз саудалаған азаматтарға әкімшілік құқықтық хаттама толтырылып, арнайы есепке алынды. Ағымдағы жылы асханалар мен мейрамханаларда тіркелмеген намазханалар анықталып, заңсыз жұмыс істеп келген намазханалар жабылды. Бұдан бөлек намаз уақтында мешіттің ішкі тәртібінің бұзылу фактілері де тіркеліп, әкімшілік хаттамалар толтырылды. Тағы бір мәселе, қазір қаламызда христиан бағытындағы үш құлшылық ететін орын бірнеше жылдан бері тіркелмей жұмыс жасауда. Биылғы жылы оларға айыппұл салынып, зерделеу жұмыстары жүргізілді,–деді Ұлана Сламбекқызы.

Кеңес отырысында қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай ағымдағы жылдың 15 желтоқсанына дейін «Сейдуаш ата» мешітіне бейнебақылау жүйесін орнату бойынша жұмыстар толық аяқталу керектігін айтты. Сондай-ақ «қала аумағында жаңадан салынған әрбір мешіт бейнебақылау камераларын орнатқан соң ғана ашылуы керек» деді.

Күн тәртібіндегі сұрақтар толық қаралған соң, Тараз қаласы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің 2020 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.