Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір мектептен үш Азия чемпионы шықты

0 1  906

Жамбыл ауданындағы бір мектептен 3 Азия чемпионы шықты. Бұл ақжолтай жаңалық Өзбекстан мемлекетінің Самарқан қаласынан жетті.

Анығырақ айтсақ, осы шаһарда қол күресінен ардагерлер, ересектер, жастар, жасөспірімдер және дене мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен Азия чемпионатына қатысқан 3 жамбылдық оқушы жүлдемен оралды.
Бауыржан Валиев басшылық ететін №1 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрбибі Баймұрат пен 7-сынып оқушысы Ақерке Оразғалиқызы Азия чемпионы атанса, аталған білім ордасының 10-сынып оқушысы Нұрсая Баймұрат күміс жүлдеге қол жеткізді.
Алыс аймақта ел атағын аспандатқан оқушыларға жерлестеріміз ыстық ықыласын танытып, алдағы бәсекелерде жеңіс тіледі.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.