Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білім саласына айрықша басымдық берілді

0 1  762

Мемлекет басшысы Жолдауында елдегі ахуалды негізге ала отырып, мемлекеттің даму жолындағы нақты міндеттерін көрсеткен. Соның ішінде мұғалімдердің жалақысын көтеру, жемқорлықпен күресудің жаңа тәсілін енгізу, жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату, тұрғындарға зейнетақы қорының тиісті бөлігін алуға мүмкіндік жасау мәселесінен бөлек, әр салаға жеке-жеке тоқталған.

Президент Жолдауында жастар мәселесі, халықтың әлеуметтік жағдайы, шағын және орта бизнес өкілдерінің ахуалы да айтылды. Президент Жолдауда ең әуелі пандемия кезіндегі экономикалық даму мәселесіне тоқталған. Соған сәйкес мемлекеттік бастамаларды реттеу үшін 2025 жылға дейінгі дамудың Ұлттық жоспарын, Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қабылданған. Енді алдағы уақытта ұлттық жобалар бекітілмек. Жолдаудың «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру», «Сапалы білім беру», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау», «Ұлттың ойысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деген тармақтарында нақты жоспарлар мен межелі міндеттер бар. Соның ішінде білім беру саласына тоқталсақ, өздеріңіз білетіндей, соңғы үш жылда мұғалімдердің жалақысы сатылап өсуде. Биыл қаңтар айынан жалақы тағы 25 пайызға көбейді. Жолдауда айтылғандай, алдағы үш жылда жалақыға тағы 1,2 триллион теңге жұмсалмақ. Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Құзырлы министрліктің алдында оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндеті тұр. Бұл – кезек күттірмейтін шаруа. Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетті. Мұндай ахуал негізгі, қарапайым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылардың саны артуына әкеп соқты. Тағы бір проблема, нағыз қиындық осы деуге болады, балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Өйткені білім алуды қажет деп санамайтын болды», – деген Жолдауда. Президент осылайша Үкіметке қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсартумен мықтап айналысуды тапсырды.
Дарынды балаларды қолдау мәселесі, оларды ынталандыру мақсатында сыйақылар тағайындалады екен. «Цифрлы ұстаз» білім беру жобасымен толықтырылады. Мұғалімдер бүгінгідей бес жылда емес, енді үш жылда бір рет қайта даярлықтан өтетін болады. Міне, білім саласындағы осы және өзге де өзгерістер білім сапасын арттыруға бағытталған соны бастама деуге толық негіз бар.

Эльмира АЮПОВА,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі,
Байзақ ауданы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.