Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Білім саласы өкілдерімен кездесу өтті

0 76

Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру аясында бүгін білім саласы өкілдерімен кездесу өтті.

Жиынға облыс орталығындағы колледж, мектеп директорлары қатысты.
Кездесуде Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары атап өтіліп, Ата заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың ел дамуына тигізер әсері жан-жақты талқыланды.

Әсіресе, білім беру жүйесін жетілдіру, педагог мәртебесін арттыру, балалардың сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Білім саласы бұл – қоғамның іргетасы. Сондықтан адам капиталының сапасын арттыру, жас ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру, білім беру ұйымдарының жауапкершілігі мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы нормалардың маңыздылығы айтылды.

Мемлекет пен қоғамның бірлескен жауапкершілігі арқылы ғана бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуге болатыны белгілі.
Осы бағытта жиынға қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Білім беру ұйымдарының басшылары Конституцияның жаңа жобасы елдің тұрақты дамуына, әділетті қоғам қалыптастыруға және сапалы білім беру жүйесін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, жаңа Конституция жобасының мән-маңызын кеңінен түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.