Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Білім ордасындағы біріншілік

0 134

Спорт – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Ол денені шынықтырып қана қоймай, ерік-жігерді, тәртіпті және мақсатқа жету қасиеттерін қалыптастырады. Салауатты өмір салтын ұстану – әрбір жастың басты ұстанымы болуы керек.

Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерей тойына орай колледжде спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 1-курс студенттері арасында баскетболдан біріншілік ұйымдастырылды. Бұл жарысқа ұлдар және қыздар командалары белсене қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Бұл спорттық шараны колледждің дене шынықтыру пәнінің оқытушылары Ғазиз Тұрматов пен Нұркелді Шыныбаев жоғары деңгейде ұйымдастырды. Олардың бастамасымен өткізілген бұл жарыс студенттердің бойында салауатты өмір салтын ұстану, ұйымшылдық және достық қасиеттерін дамытуға бағытталды.
Әр команда жеңіске жету жолында өз шеберліктерін, жылдамдықтарын және командалық бірліктерін танытты. Жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар командасында І орынды – 128 ЕФ-11/25 тобы, ІІ орынды – 115 ЕФ-9/25 тобы, ІІІ орынды 116 ЕФ-9/25 тобы иеленді. Қыздар арасында да бәсеке қызу болды. Нәтиже бойынша І орынды 132 ЛФ-11/25 тобы иеленсе, ІІ орынды 112 ЕФ 9/25 тобы алды. Ал ІІІ орынға 103 ЕФ-9/25 тобы табан тіреді.
Жарыс соңында жеңімпаз командаларға колледж кәсіподағының атынан кубоктар мен мақтау қағаздары табыс етіліп, үздік ойыншылар арнайы номинациялармен марапатталды.

Ғазиз ТҰРМАТОВ,
Жамбыл жоғары медициналық
колледжінің дене шынықтыру пәнінің оқытушысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.