Қалалық қоғамдық-саяси газет

Білім нысандарының жағдайы – басты назарда

0 514

Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил шаһар аумағындағы бірқатар білім нысанын аралады.

Әуелі Қайрат Әбілханұлы Ш.Смаханұлы атындағы №44 орта мектептің жылу жүйесін жөндеу жұмыстарымен танысты. Қазір мұнда өрт дабылы орнатылып, жылу желілері жаңа кейіпке енуде. Осылайша жуырда жаңғырту жұмыстары толығымен аяқталып, аталған мәселе өз шешімін таппақ. Осы ретте айта кетерлігі, ағымдағы жылы мектептердің жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу жұмыстары басталып, 85 пайызға орындалып отыр. Айталық, 12 оқу ошағының жылу жүйелерін гидравликалық сынақтан өткізу кезінде ақаулар анықталып, оларды ағымды жөндеуден өткізу үшін сметалары дайындалуда. Енді қаражат көздерін қарастыру туралы бюджеттік өтінім білім басқармасына ұсынылады.
Бұдан кейін Қ.Исмаил №31 орта мектебінің ауласын қоршау жұмыстарын көрді. Мұнда да тиісті жұмыстар межеленген мерзімінде бітуге таяу. Келесі кезекте Қайрат Әбілханұлы Төле би атындағы №8 гимназияға аялдады. Аталған оқу ордасының спорт алаңына жасанды төсеніштер төселуде. Сондай-ақ Қ.Исмаил М.Әуезов атындағы №33 орта мектепке барып, асфальт жабындысын төсеу және абаттандыру жұмыстарымен танысты. Өз кезегінде балалардың қауіпсіздігі басты назарда екенін баса айтқан Қайрат Әбілханұлы жұмыстарды дер кезінде әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.