Қалалық қоғамдық-саяси газет

Билік мен қоғамның бірлескен жұмысы мәселелерді шешуге мүмкінді береді

0 407

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті.

Басқосуда аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жылдарға арналған даму жоспары мен міндеттеріне тоқталып өтті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының бағдарламалық тапсырмаларын орындау, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, өңірімізде жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын оның ішінде, балық шаруашылығын дамыту, су тапшылығының алдын алу секіл мәселелер көтерілді.

Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Әбдірайымовтың айтуынша, өткен жылы кеңес мүшелері 48 отырыс, 30 қоғамдық және 28 есепті тыңдау мен 15 қоғамдық мониторинг өткізген. Бұдан бөлек, мониторигтік топтар Тараз қаласы мен Жамбыл, Сарысу, Талас, Мойынқұм, Шу, Қордай, Жуалы, Байзақ, Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында қоғамдық қабылдау өткізіп, жергілікті тұрғындардың өзекті мәселелері бойынша ұсыныс-тілектерін тыңдаған.
Қоғамдық мониторингтің қорытындысы негізінде мемлекеттік органдардың қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде 22 ұсыным  дайындалып, тиісті мемлекеттік органдарға  жіберілген.

Өз кезегінде Қоғамдық кеңес мүшелері де кейкейдегі өзекті мәселелерін білдіріп, ой-ұсыныстарын жеткізді.
Облыс әкімі сұрақтарға жауап бере отырып, белгіленген мақсаттарға жету үшін мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің бірлесе жұмыс істеуі маңызды екенін атап өтті.

Аймақ басшысы кеңес мүшелері мен алдағы уақытта да тұрақты кездесіп отыратындығын жеткізді.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.