Қалалық қоғамдық-саяси газет

Билік бұқарамен бірге!

0 369

Дүйім елді дүрліктірген террорлық топтың ойраны Жамбыл жеріне оңай соқпады. Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметі бойынша аймақта жаппай тәртіпсіздікке жалпы саны шамамен екі мыңға жуық бүлікші қатысып, салдарынан облыс әкімдігі, «Nur Otan» партиясы филиалы, полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімінің ғимараттары мен 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысанына зақым келген.

Сондай-ақ 287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42 адам ауруханаға жатқызылған. Жедел операциялардың нәтижесінде 295 күдікті ұсталып, 19-ы соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Оның 114-і әкімшілік іс. 108 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 3-іне айыппұл салынып, 3-іне ескерту берілген. Бұған дейін ұсталған күдіктілерден 84 дана түрлі қару-жарақ тәркіленген.
Қазіргі таңда алдын ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қоса бүлінген әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 21 арнайы техника, 160 жұмысшы тартылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде. Бұдан бөлек, Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарына облыс бойынша 6000-ға жуық құқық қорғау органдары мен әскерилер және 304 арнайы техника жұмылдырылған. Ал тәртіпке шақыруға бағытталған түсіндіру жұмыс- тарына 5 мыңнан астам зиялы қауым, қоғам белсенділері, беделді спортшылар және тағы басқа тұлғалар тартылған.
Жалпы бейбіт шеру басталған күннен бастап облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев көпшіліктің арасынан табылып, жұртшылықты сабырға шақырды. Олардың талап-тілектеріне құлақ түріп, барлық мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Алайда бейбіт шеруді өз пайдасына шешкісі келген бүлікшілер билік өкілдерінің сөзіне құлақ аспай, соңы қақтығысқа ұлас- ты. Бұл күндері де аймақ басшысы Бердібек Машбекұлы мен қала әкімі Ержан Жұматұлы арнайы құрылған жедел штабтың жұмысын жүйелеп, басы-қасында болды. Сондай-ақ бүгінде жарияланған төтенше жағдай режимі мен коменданттық сағаттың сақталуы аймақ басшыларының тікелей назарында. Сондықтан да жалған ақпаратқа сенбей, арандатушыларға ермей, тәртіпке бағынғанымыз абзал.

Құрбанәлі АМАНКЕЛДІҰЛЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.