Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бес айлық баласын көшеге тастап кеткен әйел табылды

0 129

Ақтөбеде мас әйел бес айлық баласын көшеде қалдырып кеткен деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін түнгі сағат 01:00 шамасында Ақтөбе қаласы №3 полиция бөлімінің кезекші бөліміне тұрғын бес айлық баланы алып келген.

 – Бала 8 наурыз көшесіндегі көпқабатты үйлердің қасындағы орындықта жылап отырды. Мен оның анасының мас күйде белгісіз бағытқа кетіп бара жатқанын көрдім. Ол баланы қалдырып кетті, – дейді ол.

Ювеналды полиция инспекторлары дереу жедел жәрдем шақырып, баланың денсаулығын тексеріп, педиатрдың қабылдауын алып, сәбиді «Үміт» балалар үйіне орналастырды.

Бір сағаттай уақыт өткен соң полицияға 25 жастағы анасы телефон шалып, баласының жоғалып кеткенін айтқан. Полицейлер анасын тауып, алкогольдік ішімдік ішкенін тексеріп, тұрмысы нашар отбасы ретінде есепке алды. Баланың әкесі туралы мәлімет жоқ. Алдағы уақытта инспекторлар әйелдің тәртібін қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссия отырысында қарауға құжаттар жинақтап жібермек. Комиссияның шешімі бойынша азаматша баласын сәбилер үйінен алады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.