Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бердібек Сапарбаев үздік жастарға «Әулиеата үміті» сыйлығын табыстады

0 509

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Баласағұн» орталық концерт залында«Татулықтың тірегі – Тәуелсіз ел жастары» атты жастар форумы және облыс әкімінің «Әулиеата үміті» жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Салатанатты шарада алдымен «Әулиеата жастары» энциклопедиясының тұсауы кесіліп, LED-экраннан облыстық жастар басқармасының 2021 жылғы атқарған жұмыстары туралы бейнеролик көрермен назарына ұсынылды.

Мұнан соң аймақ басшысы «Әулиеата үміті» жастар сыйлығының номинанттарын құттықтап,  облыс әкімі мемлекетітіміздің болашағы –талантты жастарды қолдау шаралары алдағы жылдары да жалғаса беретінін атап өтті.

– Әрбір ұлттың, әрбір мемлекеттің болашағы, дамуыбірден-бір оның білімді тәрбиелі, мәдениетті, денсаулығы мықты жастарына байланысты. Сондықтан кез келген ел өздерінің жастары үшін барлық жағдайды жасауға тырысады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ жастарға айрықша көңіл бөле білді. Көптеген мемлекеттің ішінде тұңғыш рет Қазақстанда біздің жастардың дүниежүзінің түкпір-түкпірінде ең мықты деген жоғары оқу орындарына білім алуы үшін «Болашақ» бағдарламасын жариялады. Бағдарлама арқасында мыңдаған біздің қыз-жігіттеріміз әлемнің ең мықты деген жоғары оқу орындарында білім алып, қазір еліміздің ары қарай дамуына өздерінің үлестерін қосып жүр. Біз де өңірдегі барлық жағдайларды пайланып, жастардың заманға сай білім және тәрбие алуына, өнерге бейімделіп,спортпен шұғылдануы үшін түрлі нысандар салып жатырмыз. Осыдан 2 жыл бұрын қабылданған өңірлік жастарбағдарламасы да негізінен соған бағытталған. Ол үшін арнайы бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңдабағдарламаның индикаторлары тиісінше орындалып, жалғасын табуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес былтырдан бастап депутаттық корпустарда мәслихаттан мәжіліске дейін жастарға квота берілді. Тек біздің облыстағы депутаттық корпуста 33 жас депутат бар. Ол сіздерге деген үлкен сенім.

«Әулиеата үміті» байқауының үшінші рет өткізіліп жатқаны бекер емес. Біздің жалпы қазақтың, қазақстанның үміті  сіздерде! 30 жылғы Қазақстанның жеткен жетістіктерін, алған абыройын ары қарай жалғастыратын сіздерсіздер. Біз сіздерге сенеміз! Әр уақытты тиімді пайдаланып, ұлтымыздың, мемлекетіміздің дамуына өздеріңіздің үлестеріңізді қосып, ата-ана үмітін ақтаңыздар,-деді Бердібек Сапарбаев.

Бұдан соң комиссия шешімін «Әулиеата үміті» байқауының жеңімпаздары, яғни, бірқатар үздік жастар марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясыменЖамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы Бақытжан Құтжан, «Үздік жас ғалым» номинациясымен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің магистранты Көркемжан Қанат, «Ең үздік жас мұғалім» номинациясымен «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының информатика пәнінің мұғалімі Алмас Тыныш, «Үздік жас спортшы» номинациясымен«Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» жүзу спорт түрінен спортшысы Нұрдәулет Жұмағали, «Үздік жас медицина маманы» номинациясымен облыстық көпбейінді аурухананың хирург дәрігері Жантөре Молдашев, «Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясымен Жамбыл ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция капитаны Балжан Темірланқызы, «Қорғаныс саласының үздік жас қызметкері» номинациясымен Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының көмекшісі Дастан Аязбеков, «Үздік жас жазба ақын» номинациясымен «31» телеарнаның Жамбыл облысындағы меншікті тілшісіНұрболат Жолдасбек, «Үздік жас айтыскер» номинациясымен Байзақ аудандық Әл-Фараби атындағы мәдениет үйіне қарасты Көктал ауылдық клубының мәдени ұйымдастырушысы Дархан Әбдіманатұлы, «Үздік жас баспа журналист» номинациясымен «Знамя труда» газеті редакциясының тілшісі Диана Қалманбаева, «Үздік жұмысшы жас» номинациясымен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Жамбыл магистралды желі бөлімшесі» филиалының Шу сигнализациясы және байланыс дистанциясының бас инженері Бақ-Даулет Базарбекұлы, «Қоғамдық қызметтегі үздік жас» номинациясымен «Таластың сөнбес сәулесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақсұлу Байболатова,          «Театр және кино саласының үздік жас актері» Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрының артисі Жорабек Төлеген марапатталды.

Жеңімпаздарға арнайы статуэтка, диплом және ақшалай (200 мың теңге) сыйақы табысталды. Салтанатты шара облыстық филармония әншілерінің концертімен жалғасты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.