Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бердібек Сапарбаев қаза тапқан әскери прокурордың отбасына көңіл айтты

0 311

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихаттың хатшысы Махметғали Сарыбеков және облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровпен бірге Байзақ ауданында жарылыс салдарынан қаза тапқан Оңтүстік округтің әскери прокуроры Арман Қапезовтың отбасына барды.

Бердібек Сапарбаев марқұмның туған-туыстарына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан көңіл айтты.

Аймақ басшысы Арман Қапезов қызметтік міндеттерін орындау кезінде ерлікпен қаза тапқанын және сол ерлігі лайықты бағаланып, оның отбасына мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Жамбыл облысы әкімдігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.