Қалалық қоғамдық-саяси газет

Белгілі журналист Ерман Әбдиевке құрмет көрсетті

0 470
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі, шонатанушы, белгілі журналист Ерман Әбдиев ердің жасы елуге толды.
Мерейтой иесін Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаил арнайы қабылдап, ел ағасы атанған атпал азаматтың иығына шапан жауып, ізгі тілегін жеткізді.
Ерман Қанжанұлы еңбек жолын ұстаздықтан бастап, білім саласында жемісті еңбек еткен. Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары, бас редактордың міндетін атқарушы, республикалық «Айқын» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында аға ғылыми қызметкер сынды жауапты қызметтер атқарған. Бүгінде республикалық «Қазақстан теміржолшысы» газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі.
«Шоқ тілді Шона», «Танымал әннің тарихы», «Нарша деген…», «Серік деген…», «Әзімбек деген…» кітаптардың авторы.

 

 

Тараз қаласының әкімдігі 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.