Қалалық қоғамдық-саяси газет

Белбеу күресінен өткен белдесу

0 1  780

Жуырда Олимпиада жеткіншектерін даярлау орталығының спорт кешенінде белбеу күресінен 2002-2003 жылы туған жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.

Айтулы додаға республикамыздың 14 облыс, 3 қаласынан 277 спортшы қатысып, бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облысы құрамасы сапында 62 келі салмақта сынға түскен Еркебулан Жуманали, 100 келі салмақ дәрежесіндегі Зангар Жанабек алтыннан алқа тақса, 57, 90, 75 салмақтағы Динмухамед Аден, Орисбай Орманкул, Жалгас Сары күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ 62 келіде Нурсерик Исабай, 90 келі салмақта Амиржан Айткулов, 100 келіде Арсен Иланбай 3-орынға ие болды.
Мағжан сенген жастар жерлестеріміз ғана емес. Алаштың абыройын әлем алдында асқақтатады деп сенеміз.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.