Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бекшин: Коронавирус есте сақтау қабілетін бұзып, жүйке жүйесін зақымдай бастады

0 216

Коронавируспен ауырған адамдар арасында есте сақтау және ойлау қабілеті нашарлағандар бар. Бұл туралы брифинг барысында Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлім етті,-деп хабарлайды «Zhambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта коронавирус жүйке жүйесін зақымдай бастады.

«Бұған дейін коронавирус жұқтырған адамдарда диарея синдромы басым болса, бүгінгі күні нейротоксикалық синдром пайда болды. Яғни бұл дегеніміз – есте сақтау қабілетінің бұзылуы, науқастар жиі есінен танып қалады. Нейротоксикалық синдромда бірінші кезекте ми зардап шегеді. Сондай-ақ адам сауыққан соң постковид синдромы жалғасады. Бұл өлімге әкелуі мүмкін», – деді Жандарбек Бекшин.

Алматының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин тұрғындарды коронавирус дертіне бейжай қарамауға шақырды. Ол халыққа санитарлық шараларды сақтап, вакцина алу керектігін ескертті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.