Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бейтарап елдер Батыстың жеңінің ұшынан ұстап жатыр

0 283

Ресейдің көршілері Швеция мен Финляндия НАТО-ға кірудің алғашқы қадамдарынан өтті деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Скандинавия мемлекеттеріне НАТО елдерінің отырысына рұқсат берілді. Бұл туралы Солтүстік Альянстың саммитінде одақтың бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді. Сондай-ақ ол екі елдің НАТО-ның дағдарыс жөніндегі барлық кеңестеріне қатысатынын айтты.

Бұл елдер Украинадағы соғысқа дейін бейтараптық сақтап, ешқандай әскери одақтарға қосылмай келген еді. Енді олар Ресей Президенті Владимир Путиннің доқ көрсетуінен кейін Солтүстік Альянстың құрамына кіруді мақсат етіп отыр. Путин ақпанның соңында «Ресейдің көршілерінен кімде-кім НАТО-ға мүшелікке қабылданса, басқаша әңгіме болады» деген болатын.

Осыдан кейін Швеция мен Финляндия НАТО-ға қосылуға өтініш беруге мәжбүр болды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.