Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
Қаламыздағы православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – бейбітшілік пен тұрақтылықққа тірек болған мерейлі мерекелердің бірегейі. Бұл мейрамда жоғары адамгершілік қасиеттер кеңінен дәріптеліп, ізгілік пен әділдікті орнықтыра түсуге баса мән беріледі. Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық танытуға және мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға үндеп қана қоймай, осы діннің ұстанушыларына үміт пен қуаныш сыйлайды.
Басқа дәстүрлі діндер секілді православие де мызғымас рухани құндылықтарды орнықтыру, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру және халқымыздың сан қырлы тарихи-мәдени мұрасын сақтау жолында маңызды рөл атқаруда. Православие еліміздің дәйекті дамуына қажетті басты шарттың бірі – жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға да зор ықпал етеді. Осының нәтижесінде егемен елімізде түрлі этностар мен дін өкілдері өзара түсіністік пен сыйластықта тұрмыс кешуде. Көне шаһардағы православ христиандары басқа да дәстүрлі дін өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүріп, қаланың рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалық дамуына, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.
Ендеше қаламыздың барша православ христиандарын айшықты мерекемен құттықтай отырып, әр отбасыға жақсылық, мол бақыт, зор денсаулық пен амандық тілеймін!
Бақытжан ОРЫНБЕКОВ,
Тараз қаласының әкімі