Қалалық қоғамдық-саяси газет

Beeline Жамбыл облысында 25 елді мекенді интернетке қосты

0 5  263

Beeline Жамбыл облысында байланысты белсенді түрде жақсартуда.

Өткен 2021 жыл мобильді оператор үшін өте тиімді болды: жаңа базалық станциялар жұмыс жасай бастады, сондай-ақ жеке елді мекендерде жаңа технологиялар іске қосылды.

Аудан әкімшіліктерінің белсенді қолдауы мен барлық бөлімдердің орталықтандырылған жұмысы кезінде, жыл ішінде Beeline 14 базалық станцияларды құрып, эфирге шығарды. Бұл мақтануға болатын көлем, себебі жаңа антенна-діңгекті құрылыстарды салу орташа алғанда 3 айдан бастап, бір жылға дейін уақыт алады.

Енді 3G және4G технологияларына мына елді мекендерде қосылуға болады: Сұрат ауылы(Мерке ауданы), Арал, Жаңатұрмыс (Қордай ауданы), Қаракемер (Жамбыл ауданы), Көкдөнен, Тұрар, Жақсылық (Рысқұлов ауданы), Мырзата (Байзақ ауданы), Айдарлы (Мойынқұм ауданы), Шақпақата мен Қарасаз (Жуалы ауданы), Игілік, Өндіріс (Сарысу ауданы), Тамды (Талас ауданы).

Ал облыстың Тараз, Шу, Қаратау мен Жаңатас қалаларында 2021 жылдың басында қосымша жиіліктер іске қосылды, бұл желініңжүктемесін азайтып, 4G жылдамдығын 2 есе арттыруға мүмкіндік берді.

Суретте Төлеген Махамбет, Beeline Қазақстан Тараз филиалының позицияларды жоспарлау және іздеу бойынша аға инженері

«250+» жобасының операторлары арасындағы шеринг жобасы шеңберінде 8 базалық станциясалынды және іске қосылды. 3G және 4G байланысы енді Керу, Соғанды кенттері, Ащыбұлақ, Ақтоғай, Ақермен, Ақжол, Көшекбатыр және Қошаман ауылдарының тұрғындарына қолжетімді.

«Біз Жамбыл облысындағы таралым сапасын жақсартуымен ғана емес, сондай-ақ тұрғындары үшін озық технологияларға, мысалы, DualBeam сияқты, қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тырысамыз» — дейді Beeline-ның Тараз қаласындағы техникалық бөлім бастығы Алмаз Асанов.

Қазақстанда алғашқы рет, атап айтқанда Жамбыл облысында, Масанчи кентінде екісәулелі антенна (DualBeam) технологиясы сынақтан өтті және енгізілді. Бұл екі базалық станцияның сыйымдылығын 4 есе кеңейтіге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ FWA технологиясы — мобильді желі негізінде тіркелген кеңжолақты қосылу мүмкіндігі – Құлан кентінде іске қосылды. FWA технологиясының арқасында ауыл тұрғындары үйдегі шапшаң интернет қосыла алатын болды.

Жалпы Жамбыл облысы бойынша 2G мен 3G технологиялары болған барлық 95 базалық станцияда, қосымша 4G байланыс қосылды.

Beeline-ның барлық жаңартулары мобильді интернет байланысының сапасы мен жылдамдығына айтарлықтай әсер ететінінатап өткен жөн. Статистикаға сүйенсек, былтыр Жамбыл облысында 4G трафигін тұтынудың жалпы мөлшері 66%-ға өсті. 2021 жылғы желтоқсан айындағы деректер бойынша, облыстағы Beeline абоненттерінің 74%-ы мобильді интернетті пайдаланады. Орташа алғанда, Beeline клиенті айына шамамен 19 ГБ тұтынады.

Оған қоса, Ranking.kz деректеріне сәйкес, Қазақстан арзан мобильді интернеттің топ 10 еліне кірді. Мобильді интернет сапасы бойынша Қазақстандағы №1 байланыс операторы – Beeline (Vigo компаниясының деректері бойынша). Бүгінгі күні Beeline Қазақстанда шамамен 10 млн абонентке қызмет көрсетеді және Қазақстандағы 30 ірі салық төлеушінің қатарына кіреді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.