Қалалық қоғамдық-саяси газет

Беделі биік білім ордасы

0 260

Ақпарат пен технологияның қарыштап дамуы, өрістеп-өркендеуі – ХХІ ғасыр. Адам баласының білім алуына мемлекет тарапынан жақсы жағдайлар жасалуда. Білім іздеген жандарға сан қилы ақпарат көздері жетерлік. Білімді адам – ең бай адам десек, сол байлықтың кепілдігі – білім. Сан ғасырлардан адамзат игілігіне жұмыс жасап келе жатқан білімнің ағыны бір сәтке де тоқтаған емес. Ол – заман талабы. Білімсіз өткен бір күн – пайдасыз бос күндердің еншісіне кетері сөзсіз. Ұлттың болашағы, дамуы, өркендеуі, қарыштауы – білімді ұрпақтың қолында. Дегенмен ұрпақ санасына білімді тәрбие нәрімен қоса сіңіру керек, себебі тәрбиесіз берілген білім қоғамға қауіпті. Білім адамдардың белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдауларының жиынтығы, мәдениетінің ауқымды көрсеткіштері болып табылады.
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Мәметова атындағы №27 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2021-2022 оқу жылында «Зерде» әдістемелік орталығының айлық өткізу кестесі бойынша мектебімізде бірқатар жоспарға сай жұмыстар атқарылды. Тарих, өзін-өзі тану пәндер бірлестігі қазан айында өздеріне бекітілген жоспар бойынша ашық сабақтары мен сыныптан тыс сабақтарын өткізді.
«Ұстаз – мектептің жүрегі» деген ұстанымды дәлелдей алар шеберліктерін іс-тәжірибелерінде көрсете білді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Нағима Рысбекқызының білікті жетекші екендігі әрбір өтілген сабақтардан айқын сезіліп тұрды.
Оқу ордасы араластілді мектеп болғандықтан, процесс аралас жүргізіледі. Білімнің бастауы – бастауышта. Қараша айына жоспарланған «Бастауыш сынып» (қазақ, орыс) пән бірлестігі ұстаздары өздеріне жүктелген ұстаздық міндеттеріне адал, шынайы берілгендіктерін нақты дәлелдей білді. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Қыстаубаева Алмагүл Байболатқызы мен Плешкова Светлана Валерьевна апайлардың төккен тері мен еткен еңбегінің нәтижесі демеске шара жоқ.
Тіл туралы жазу мен айтудан қашпау, жалықпау керек. Өйткені тіл – бүтін бір ұлттың жүрегі. Тіл – ең ұлы қару. Тіл – ең асыл құндылық. Тіл – баға жетпес байлық. Тіл – адамдардың қатынас құралы. Соның ішінде өз қазақ тіліміз – әлемдегі мағынасы көп, тіркесі мол, сөйлеу стилі сұлу, мазмұны терең ерекше тіл. Қолданушы халық саны аз болғанымен, тебірентер құдіреті ерекше бай тіліміздің сөйлеушілері екендігімізді мақтан тұтамыз. Тіл өлсе, ұлттың да өмір сүруі мүмкін емес.
Осы орайлы сәтті пайдаланып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі қаңтар айында айлық жоспарға сай ашық сабақтары мен сыныптан тыс сабақтарын көрсетті. Тәжірибелі пән мұғалімдері өздерінің ұстаздық жолында алған білімдерін өз араларында семинар, коучинг дәрістерін өткізу барысында білімдерімен бөлісті. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Ахмедова Шолпан Білімқызы пән мұғалімдеріне шебер ұстаз бола алды.
Қаңтар айына жоспарланған іс-шаралар қоғамда қалыптасқан ахуалға байланысты бір апта кеш және карантиндік шектеулерге байланысты қашықтықтан оқыту үлгісіне көшкендігімен мектеп жұмысы жоспарға сай жүргізіліп жатыр.
Орыс және ағылшын тілі пәндері бірлестігі қаңтар айына жоспарланған ашық сабақтарын қашықтықтан оқыту үлгісінде жүзеге асырылуда. Ақпан айының 8 жұлдызына жоспарланған ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Аманжолова Алмагуль Егизбаевна, Досполова Жанар Айдаровна, Есенаманова Хадила Ебелекбаевна, Сейдахмен Үкілім Жанатқызы, Маманова Дильбар Бурибаевналар «Инновационные методы преподавания английского языка, русского языка и литературы» тақырыбында өздерінің іс-тәжірибесімен қала мектептері ұстаздарымен бөлісті.
Мектеп әкімшілігі тарапынан ұстаздардың жұмыс жасауына, кәсіби дамуына, жетістіктерге жетуіне педагогикалық-психологиялық тұрғыда барлық жағдайлар жасалынған. Жауапкершілігі жоғары, жаһандық өзгеріске бейім заманауи іскер ұрпақты қалыптастыру мақсатында мектебімізде «Цифрлы мектеп», «Сабақты зерттеу», «Оқуға құштар мектеп», «Экология» жобалары іске асырылып, жұмыстар жүргізілуде.

№27 мектеп әкімшілігі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.