Айсәуле Бақытбек Instagram-дағы парақшасында қазақ қыздарының тәрбиесіндегі «ең үлкен қателікті» айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Оның айтуынша, біздің елде қыздарды үй шаруасына бейімдеп, күйеуі мен отбасына қызмет етуге тәрбиелейді. Бұл жағдай көптеген нәзік жандардың бақытсыз өмір сүруіне әсер етіп жатыр.
Ол өзі үй шаруасымен сирек айналысатынын, көп уақытын сәбиіне, бизнесіне және өзіне ғана бөлетінін ескертті.
Сонымен қатар ол көптеген қыздардың бала кезінен күйеуіне, туыстарына, үйге қызмет етуге үйреніп өскенін, содан көп әйелдер бақытты бола алмайтынын атап өтті.
«Көптеген қыздар тұрмысқа шығып, сол сұмдықпен шынайы өмірде бетпе-бет келеді. Өмірде ең үлкен қателікті жібермеу үшін дұрыс адамды таңдау керек деп кеңес беремін.
Бұл сұраққа келгенде өз жүрегіңнен басқа ешкімді тыңдама. Тағы айтарым: Оқыңдар, оқыңдар және жұмыс істеңдер», – деді ол.