Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бата – сөздің анасы

0 308

Бата беру – байырғы қазақ халқынан бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүр. Халқымызда «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген даналық сөз бар. Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің көрінісі. Бата сұрау – өзі қалаған ықылас пен ризалық, жақсы тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз.

Дәл осы тұрғыда «Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы» «Ауыл» партиясының филиалы және облыстық ардагерлер кеңесімен бірлесе отырып, қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасқан бата беру дәстүрін насихаттау мақсатымен «Батамен ел көгерер» облыстық батагөйлер байқауын өткізді.

Аталмыш шарада жастарға арналған бата, түрлі деңгейдегі тойға берілетін бата, дастарқан батасы, басқа да салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа негізделіп өткізілетін игі шараларға қатысты баталар ой тереңдігі, тілдің шеберлігі, шешендігі арқылы көптің көңілін баурады.

Сайыстың қорытындысы бойынша мән-маңызы бөлек шараға жақсы дайындықпен келген Жуалы ауданының ақсақалы Сейітқазы Медетбеков  жеңімпаз деп танылды. Ал Меркі ауданы, Тәтті ауылынан келген қария Белгібай Айнақұлов – екінші, Жамбыл ауданы, Шайқорық ауылнан келген ардагер Орынбай Рысбаев үшінші орынға ие болды. Бұл күні байқауға қатысқан қариялардың барлығына сый-сыйапат көрсетілді. Жеңімпаздарға  арнайы тағайындаған диплом мен ақшалай сыйлық табысталып, республикалық байқауға жолдама берілді.

Нұрпенрзент Туғанбай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.