Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бата беру дәстүрінің халық ауыз әдебиетіндегі көрінісі

0 2  546

Бата – жақсылық пен игі ықыластың, ақ тілектің айғағы. Бата сұрау – өзі қалаған адамнан ықылас пен ризалық, жақсы тілек пен жарасымды алғыс сұрау деген сөз. Қазақ халқында үйіне келген қонаққа барын беріп, сыйлы қонағына бір малын көлденең тартып, батасын алып соятын салт бар. Үй иесі малын әкеліп, қонағына «Әумин» деп қолын жайғанда, қонақ та қолын жаяды. Бата жақсылыққа жол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады.

Ежелгі заманда түрік тектес халықтар батаны бата демей алғыс деп атаған. Батаны алтайлықтар «алғыш», «алкыш», татарлар «алкыш», ұйғырлар «алкиш», тувалықтар «алгыш», «алгыж», якуттар «алгыс» деп атайды.

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы – ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», – дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру.

Бата берудің өз жоралғысы ертеден қалыптасты. Бата беру өте құрметті іс деп саналады, өйткені, бата қасиетті сөз деп есептелінеді. Бата айтыларда бата тілеуші адам немесе жамағат, алдымен, алақанын жайып, ишарат білдіруі тиіс. Ақсақал қауым әуезді үнімен мәнерлеп, киелі кейіпке еніп, бар ынтасымен өлеңдетіп бата береді. Бата аяқталған кезінде, жиналған қауым бір ауыздан «әумин» деп қайырады. «Айтсын», «Айтқаның келсін» деп бет сипайды.

Бата (бата беру, бата алу), (дәстүр). «Батаменен ер көгерер» (мақал). Ақ тiлеудiң белгiсi – бата. Ол кез-келген жерде айтыла бермейтiн қасиеттi тілек. Ең жақсы батаны халық «ақ бата» деп қастерлейдi, айта жүредi, үлгi етедi, жаттап алады.

Батаның бiрнеше түрлерi бар.

  1. Жас талапкерге бата. Бұл – ерлiк, өнер, өмiр жолына, ұзақ сапарға аттанар алдында әдейi барып тiлейтiн бата. Қошқарұлы Жәнiбек жас кезiнде Қаракерей Соқыр Абыздан бата сұрай барғанда ол кiсi былай дептi:

Бедеуiң белдеуiңде байлаулы болсын,

Қазаның ошақтағы қайнаулы болсын.

Есiгiң ашық болсын

Қабағың жазық болсын.

Сонда ағайының кетпес қасыңнан,

Жақыныңа бұрмай төренi түзу бер,

Сонда қаумалаған халық кетпес қасыңнан.

Мұндай баталар талапты, халық сүйген, ер-азаматтарға ғана берiлген.

  1. Дастарханға бата. «Дастарханың мол болсын, Абыройың зор болсын». Батаның екiншi түрi дастарханға ризашылықпен берiледi. Дұрыс мүшелi қонақасы берiлмесе шешен, өткiр тiлдi адамдар бата арасында сол үйдiң сараңдығын да қосып айтып жiберетiн болған.
  2. Алғыс батасы. «Бақ берсiн, бас берсiн. Өмiрiңе ұзақ жас берсiн». Үлкен кiсiлер немесе кез келген адам бiреудiң қайырымдылығы мен жақсылығы, iзгi қызметi үшiн де бата бередi. Батаның тәрбиелiк мәнi зор.

«Батамен ер көгерер, жауынмен жер көгерер» деген сөз адамды iзгiлiкке, парасаттылыққа, мейiрiмдiлiкке баулиды. Ендеше бата да сол ұлы қасиеттерге бастаушы әрi тудырушы рухани мұра болып табылады. Бата көркем сөзбен, өлеңмен, шешендiк тiлмен, әсерiмен, қол жайып айтылады. Батаны құрметтi, елге өте сыйлы адамдар бередi.

  1. Жаңа айдың батасы. «Ай көрдiм, аман көрдiм, Ақиреттiк заман көрдiм. Жаңа айда жарылқа, ескi айда есiрке» (бата); Жаңа туған айды көрген әр адам осылайша бата жасап бет сипайды. Бұл дiншiлдiк немесе соқыр сенiм емес, ол адамдардың табиғатқа, құбылысқа, ауа райына байланысты таным, түсiнiгi. Айдың тууына және жатысына қарап жұлдызшылар ауа райын, болашақты болжап отырған.
  2. Наурыз батасы. «Соның бiрi – осы Наурыз бата» («Жетi қазына» кiтабынан). «Ұлыстың ұлы күнiнде «наурызкөжеге» шақырғандарға, «наурызнама» тойын өткiзiп халықты риза қылған адамдарға, өнер көрсеткен өнерпаздар мен ақындарға ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары, билер қол жайып бата бередi. Бұл бата жалпы көпшiлiкке де бағытталады. Талапкер жастар Наурыз күнi дуалы ауыздың уыз батасын алуға тырысады. Наурыз батасының орны ерекше.
  3. Терiс бата. Бұл – «бата» деп аталғаны болмаса, қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрi. «Құнанбай қос қолын созып, алақанын сырт қаратып тұр. Бұл – терiс батаның, қарғыс батаның белгiсi» (М.Әуезов). Мұндай бата сенiмдi ақтамаған, өзiне қолы, тiлi тиген баласына әкенiң қолын терiс жайып берген қарғыс батасы. Батаның бұл түрi ел iшiнде өте сирек қолданылған және ол атадан балаға ұмытылмайтын таңба болып қалған. Атаның терiс батасын алғандарды халық та жек көрген.

«Бата аяқ» (салт). «Ұлдың атасы «бата аяқ» деп бiр түйе, бiр жылқы жiбередi». (Ә.Диваев). Құда болған кiсi екi жақтың келiсiмiнен кейiн жiгiт әкесi қыз ауылына келiп «бата аяқ» өткiзедi. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екi жақ тойды өткiзу мерзiмi, кәде-жора, қалың мал жөнiнде келiседi. Мұны – бата, келiсудi – «баталасу» дейдi. Батаның екi түрi бар:

  1. Кесiмдi бата – жасау, мал көлемi, той уақыты, шығын мөлшерi, алыс-берiс, келу-кету т.б.
  2. Кесiмсiз бата – мал саны, мүлiк шамасы келiсiлмейдi. Жағдайға, уақытқа қарай кейiн белгiленедi. Ауқатты, елге есiмi белгiлi адамдар құдалығында «бас жақсы», «орта жақсы», «аяқ жақсы» деген iрi, бағалы кәделер болады.

Бас жақсыға – боталы түйе, құлынды бие, жағалы киiм, бағалы бұйым, алтын, күмiс жамбылар жатады.

Орта жақсыға – таңдаулы бiр түйе, бiр ат жатады.

Аяқ жақсыға – ат, сиыр, қой т.б. жатады.

Қазақ баталасуды елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», – деп айтып кеткен ғой. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Сондықтан халқымыз ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған. Қонақтар ішінде үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әр түрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесіне тығыз байланысты. Егер де сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей.

Қазақ дәстүрінде, бата жасап, бас кескен қариялар, алдымен, бастың езуінен бір кесіп алып өзі ауыз тиген соң, бастың оң жақ құлағын кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне: «мә, балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» деп береді. Бұл «Құлақ беру» деп аталады. Қариялардың балаларға құлақ кесіп беруінің үлкен тәлім-тәрбиелік мәні бар, яғни, жасынан қариялардың қолынан құлақ жеп, өсиеттерін тыңдап өскен бала үлкенді сыйлап, кішіні аялағыш, сөз тыңдағыш, сөз қадырын түсінгіш, ақылды, білімді азамат болып есейеді. Әдепті, ибалы болуға дағдыланады. Батаның негізгі түрлері:

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнамасы, қазақтың қасиетті тұмары, ата-бабаларымыздың өсиетнамасы, ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке-бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Ақ бата көбіне жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сарбаз-сардарларға, түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларға, аруақтарға арналған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастарқанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата) айтылады.

Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, жаратушыдан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым», – деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да, теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Сол себепті «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» дегенді ұмытпаған жөн.

Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» – қарғыспен тең. Этнограф-жазушы С.Кенжеахметұлы баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады: «Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», – деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ».

Сақтық батасы – сыйды алғаннан кейін айтылатын бата.

Ынтымақсыз туыстан сақта,

Қара жүрек бақылдан сақта.

Көк айыл қатыннан сақта.

Кеудесін керген келіннен сақта.

Мезгілсіз келген өлімнен сақта.

Ұятсыз қызыңнан сақта.

Жастарында әдеп жоқ,

Құр айғай, шуыңнан сақта.

Батагөйлік дегеніміз – ол бата берген адамға рахмет айтылып, мата немесе мал түрінде сыйлық беру. Тағы бір түрі тойда бата берген адамға өлең сыйлау.

Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.

Құтты адаммен қоңсы қонсаң – аруағыңды асырады.

Арың жақсы болса – сөзің елде тұрады.

Балаң жақсы болса – елінің асыл шырағы.

Қызың жақсы болса – өрісті болар тұрағы.

Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

Батаның негізгі түрлері:1. Ақ бата. 2. Теріс (қарғыс) бата. 3. Серттесу батасы (Баталасу).

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама, Аллаһ Тағаладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке-бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынадай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сарбаз, сардарларға, түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларға, аруақтарға арналған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастарқанға, ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).

Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Алла Тағаладан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым», – деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Өйткені, «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады».

Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батаның өз қисыны бар. Оның айтылатын да, айтылмайтын да жерлері болады. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.

Қазақта: «Өз ісінің шеберінен бата алса, соған тартып, батасын алған жас та шебер болады», – деген сенім бар. Бұл орайда Х.Досмұхамедұлы былай дейді: «… Қазақ қауымы арасында өз ісінің шын шебері, мәселен, би, ақын, зергер т.с.с. табиғат сыйлаған дарын-өнерін басқа біреуге ақ батасы арқылы мирас етіп қалдыра алады деген сенім кең таралған. Сондықтан да осындай атаққа немесе өнерге ыңғайлы, икемі барлар сол саланың атақты өкіліне аттанады және қайтсе де оның көңілін тауып, ақ батасын алуға тырысады. Қазақ арасындағы белгілі бір би, атақты ақын, аруақты бақсы не зергер пәленшеге, түгеншеге өзінің ақ батасын беріп, ақыл-өсиетін айтыпты, сонан соң ол да би, ақын, бақсы не зергер болыпты, дегендей аңыз-әңгімелер орасан көп. Бұл – батаның бір түрі. Батаның тағы бір түрі – ас-дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айту. Әрбір қонақ өзіне арналып сойылатын қойға батасын беріп және әр дастарқаннан кейін үй иесіне рахметін білдіріп отыруы шарт… Әдетте, батаны қонақтардың ішіндегі ең жасы үлкені береді және ол көбінесе өлең түрінде болып келеді»

Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол: «А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», – деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды, сары тісті (түсті деп те айтады) қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», – деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дастарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», – деп те қайыратындар бар.

Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті.

Бата мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халкының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А.Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған.

Айша бибі туралы аңызда теріс бата беру дәстүрі көрініс тапқан. Мысалы:

– Біз Қарахан екуіміз қосыламыз! Маған өзіңіз ақ батаңызды беріңіз, мен өзімнің сүйікті адамыма барамын. Егер сіз ақ батаңызды берсеңіз, мен бақытты боламын, егер сіз ақ батаңызды бермесеңіз де, мен бәрібір Қараханға үйленемін. Ал, ол соғыста қайтыс болса да, мен өмір бақи ол туралы ойлаймын! – деген Айшаның сөзін құптамаған әкесі:

– Мен сенің кетуіңе қарсымын, Айша! Сен жол жүргенде алты өзеннен өтсең, жетіншісінен өте алмайсың! Ал, өзіңнің бара жатқан жеріңе жетсең, өз арманыңа жете алмассың! – деп әкесі теріс батасын береді. Айша рұқсатсыз жолға шығып кетеді.

Бәлкім, Айшаның бақытсыздыққа ұшырап, өмірінің қыршыннан қиылуы әкесінің теріс бата бергенінен болған шығар. Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», – деп айтып кеткен ғой.

Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал, сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Алла Тағалаға жол іздеп, оны Жаратқан Иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шарболаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «Ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды, басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Алла Тағаладан тілейді. Олай болса, тілек айту, бата беру – Алла Тағалаға жол іздеудің, онымен байланысудың ғаламдық күш-құралы, дүниетанымымыздың ұлттық бір жүйесі. Ақ бата – қазақ халқы үшін – Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады.Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әр түрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесіне тығыз байланысты. Егер де сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей. Тек оның қабыл болу-болмауы жалғыз ғана Алла Тағалаға аян.

Ғалия Абдыханова,

бдыхановаМ.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушысы.  

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.