Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Басымнан бір берді»: Меруерт Түсіпбаева анасынан таяқ жеген күнін еске алды

0 303

Меруерт Түсіпбаева анасынан алғаш және соңғы рет таяқ жеген күнін еске алды. Айтуынша, анасы оны ұстазға құрмет көрсетпегені үшін жазалаған. Бұл туралы Түсіпбаева «Таңшолпан» бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мектеп қабырғасында болған оқиғаны Түсіпбаева Білім күні еске алды. Әнші өтпелі кезеңде жүргенде құрбыларымен келісіп, мұғалімге мінез көрсеткен.

«13-14 жаста математика пәнінен кезінде анама сабақ берген Қабдолла Қалиұлы деген ұстаз сыныпқа кіргенде тұрмай қойдық. Қыздар алдын ала келісіп алғанбыз. Ол үлкен дауға айналып, анам келді. Басымнан бір берді. Анам өмірінде ең бірінші рет, бәлкім ең соңғы рет қол көтерді. Мектеп уақытында сондай стресс алып, өмір бойы есімде қалды», – дейді Түсіпбаева.

Болған оқиғадан кейін әнші бұл қылығын екінші рет қайталамаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.