Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басымдық – білім саласында

0 232

Бүгінде білім саласына да ерекше екпін түсіріліп, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Айталық, биыл Тараз қаласында 7 мектеп пен 1 бөбекжай-бақша ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2 116 925,3 мың теңге қарастырылды. Сондай-ақ, 23 мектепке ағымды жөндеу жұмыстарына 138 398,5 мың теңге қаражат қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Білім нысандарының материалдық-техникалық жабдықталуына 500 000 мың теңге қарастырылды.

Жаңа оқу жылына оқушыларға берілген қаржылай көмек 18 279 балаға 741 525 мың теңге берілді. Сонымен қатар бейнебақылалау камераларын Орталық жедел басқаруға (ЦОУ) қосылуға 82 732,2 мың теңге қаражат қарастырылып, келісім шарт «Транстелеком» АҚ-мен жасалды. 62 мектеп толығымен жедел басқару орталығына қосылды. Арнайы күзет қызметіне 92 051 теңге қарастырылды. Бұл бойынша конкурс шешімі маусым айында шығып нәтижесінде жеңімпаз болып, «City Security» ЖШС анықталды. Келісім шартқа тұру жұмыстары 5 күн ішінде жүргізіледі. Шаһардағы 62 мектепте дабыл түймесі орнатылған, полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қосылған. Женімпазы «НУР007» ЖШС-мен 8 844,0 мың теңгеге келісім шарт жасалды.Тағы бір айта кетерлігі, «Арай» алқабында 600 орындық, №15 мөлтекауданда 1 200 орындық мектеп ағымдағы жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.