Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Басыңыз жұмыс істей ме?» Айсәуле Бақытбек әкесі туралы сұраған жанға жауап берді

0 693

Айсәуле Бақытбекке әкесі жайлы сұрақтар жиі жолданады. Бұл жолы оқырмандардың бірі Бақытбек мырзаның жаңа статусы жайлы сұраған, деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ата» атанып, немерелі болғанынан хабардар ма? – деген сауал Айсәуленің ызасын келтірді.

«Яғни, расымен де менің ана атанғанымды сіз білесіз де, ал туған әкем білмеуі мүмкін деп ойлайсыз ба? Басыңыз жұмыс істей ме? Қалай қабылдады деп ойлайсыз? Қуаныштан басқа қандай әсер алуы мүмкін?» – деп ұрысты Айсәуле.

Бұдан өзге, жақында ғана босанған бикеш ас мәзірі жайлы айтты. Айсәуле күнделікті стористе жемістің түр-түрін тұтынып жүргенін көрсетуде. Бұған көпшілік аң-таң.

«Достар, мен есімнен адасқан жоқпын ғой. Қызыма қандай да бір әсер берсе, мен бұл өнімдерді жеуді жалғастырмас едім. Негізінде омырау сүтімен емізу кезіндегі диета деген түсінік тек ТМД-да бар. Менің дәрігерім шоколад пен цитрустан басқасын жеуге рұқсат берді. «Бәрі» дегенде бір жәшік манго жеу деген сөз емес. Бәрін бірақ аз мөлшерден жеу. Торт жеуге рұқсат етсе, оны тұтастай емес, бір кесек кесіп жеңіз», – деді Бақытбекқызы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.