Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Бастысы өзіме ұнайды»: Елді шулатқан әннің орындаушысы сұхбат берді

0 485

Желіні шулатқан «Ұйқым келмейді» әнінің орындаушысы Алина Шакиева Мәскеуде туып-өскен. 17 жыл бойы Ресейде тұрған қандасымыз мектеп бітірген соң, Қазақстанға көшу туралы шешім қабылдаған. Бүгінде қазақ тілін жетік меңгеру үшін арнайы мамандардың көмегіне жүгінген көрінеді. Алина Шакиева «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Әнімнің хит болғаны мен үшін күтпеген жағдай болды. «Ұйқым келмейді» әнін жақсы тыңдап жатыр. Әрине, мен қуаныштымын. Музыкасында, сөздерінде адамды тартатын нәрсе бар деп ойлаймын», – деген Алина Шакиева бастысы әннің өзіне ұнағанын атап өтті.

«Қош бол деп айттың, тағы бірдеңе дедің» деген жерін  TikTok-та бәрі қайталап жатыр. Мен бұлай таралып кетеді деп күткен жоқпын», – деген орындаушы бұған өзі риза екенін жеткізді.

Алина Шакиева бала күнінен әнші болуды армандағанын атап өтті. Ол осыдан бес жыл бұрын алғашқы әнін көпшілікке ұсынған. Алайда репертуарындағы екінші туынды ел арасында кеңінен тарап кеткен. 

Атап өтерлік жайт, елді шулатқан әнді танымал авторлар жазған болып шықты. Әуенін – Диана Исмаил, ал сөзін Рамазан Амантай жазған. Екеуі де ел арасында кеңінен тараған хит әндердің авторлары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.