Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басты құжаттағы міндеттерді бірге жүзеге асырамыз

0 2  014

Әлем елдерінің экономикалық жағдайына әсер еткен пандемия бізді де айналып өтпеді. Осындай күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы көптің көкейіндегі мәселелердің шешімі болғандай.

Жолдаудың «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру», «Сапалы білім беру», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау», «Ұлттың ойысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деген тармақтарында нақты жоспарлар мен өзгерістер баршылық.
Мемлекет басшысы негізгі салалардың барлығын қамтыды. Соның ішінде кәсіпкерлікті қолдау бағытында жемісін беріп отырған жобалар жалғасын табуда. Әсіресе «Бастау бизнес» жобасының шарапаты мол. Тұрғындар бизнес бастау үшін грант, төмендетілген несиелер алуда. Сондай-ақ пәндік олимпиадаларда топ жарған оқушыларды ақшалай сыйақымен марапаттау мәселесіне көпшілік қолдау білдіріп отыр. Президент Жолдауда жаңа технологияларды пайдаланып, суды үнемдеуге көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды. Себебі бұл – тек бізді ғана емес, әлем елдерін алаңдатып отырған күрделі мәселе. Өйткені 2030 жылға қарай су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін екені айтылуда. Қасым-Жомарт Кемелұлы жағдайды жедел реттеу мақсатында ел бойынша 120 канал жаңартылып, 9 су қоймасы салынатынын, соның ішінде Жамбыл облысында да канал құрылысы қолға алынатындығын айтты. Осылайша өңірлерді дамытудың ұлттық жоспары аясында бес жылда халықты жүз пайыз сумен қамтамасыз ету көзделуде.
Біз Жолдауда айтылған мәселелердің барлығын жіті түсінгеніміз абзал. Себебі бас құжаттағы жүйелі жоспарлар мен межелі міндеттерді жүзеге асыруға бірге атсалысуымыз қажет.

Қасымхан Төлендиев,
«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс»
РҚБ облыстық филиалының директоры

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.