Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басты мақсат – көлеңкелі экономикамен күрес

0 3  596

Жалпыға бірдей декларацияның басты мақсаты – көлеңкелі экономикамен күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралды қалыптастыру әрі ел бюджетін толықтыру. «Жалпыға бірдей декларациялауға елдің әрбір азаматының өмірін жақсартудың көптеген мүмкіндігі кіреді. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап біздің бәріміз жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне кезең-кезеңімен енеміз. Алғашқы кезеңде оған мемлекеттік қызметшілер, оларға теңестірілген жұбайлары кіреді».
1 кезең – 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап
• жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;
• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар және олардың жұбайлары;
• мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары;
• «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына сәйкес, декларацияны ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар.
2 кезең – 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап
• Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. салаларын қоса алғанда) және олардың жұбайлары;
• квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары.
3 кезең – 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап
• заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары;
• жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
4 кезең – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап
• азаматтардың қалған санаттары.
Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тұрғылықты (болған) жері бойынша ұсынылады:
1. қағаз түрінде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей;
2. электрондық түрде ұсынылған жағдайда – декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей ұсынылады.

Б. Нартбаев,
Меркі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер
басқармасының бас маманы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.