Қалалық қоғамдық-саяси газет

Басты байлығымыз – ел ынтымағы

0 314

Мухабат Турдыева,
облыстық Махмұд Қашқари атындағы
ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы

ҚР Тұңғыш Президентінің Жарлығымен 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні болып белгіленді. Бұл айтулы мереке қазіргі таңда елімізде кең көлемде тойлануда. Өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ жеріне Батыс пен Шығыстан жүздеген ұлт жер аударылды. Дәл бүгінгі күн – репрессияның қиын жылдарында өзге этностарды жылы қабылдап, олармен баспанасын бөліскен қазақ халқына үлкен ризашылығымызды білдіретін күн.

Негізінде, адамзат бір-біріне алғыс айтып, ризашылығын білдіріп жүретін болса, соғыс атауы болмас еді. «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзді дана Абай айтып кеткендей, жұмақтың кілті ме- йірімділікте екендігін түсінеміз.
Сонымен қатар бірлігімізді одан әрі сақтау үшін мемлекеттік тілдің айналасында шоғырлануымыз қажет. Мұны Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілінің рөлін күшейту және оның ұлтаралық қатынас тіліне айналуы туралы айтқан сөзінен терең ұғындық.
Көктемнің алғашқы күніндегі «Алғыс айту» рухани мерекесі еліміздің басты байлығы – халық бірлігін одан әрі сақтауға және нығайтуға ықпал етері анық. Осындай айтулы мейрамда елімізге тыныштық, отбасыларыңызға бақ пен береке тілеймін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.